Шегіршінжапырақ тасжаңғақ (Aflatunia ulmifolia) — раушангүлдер тұқымдасы, сирек кездесетін, қалдық түр. Таралу аймағы Солтүстік пен Солтүстік шығыс шекарасында оналасқан. Жоңғар Алатауында (Көксу өзен сайы) және Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде жекелеген популяциялары кездеседі. Қазақстан жерінен батыс Тянь-Шаньда, Памиро-Алайда және солтүстік Ауғанстанда кең таралған. Голоцен дәуіріндегі жалпақ жапырақты ормандар қалдығы. Өте сәндік бұта, биіктігі 3 метрге дейін, әсіресе гүлдеу кезінде тартымды. Тұқымнан жақсы өседі: тұқымнан өнгіштігі тіпті 4 жыл сақталғаннан кейін де 90 пайызға жетеді.
Тағы қараңыз
- Тасжаңғақ
- Кәдімгі тасжаңғақ
- Раушангүлділер
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер