Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шортанды – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м.

Шортанды (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шортанды
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі397,5 м
Өлшемі7,2 × 3,7 км
Ауданы18,6 км²
Орташа тереңдігі14,1 м
Орналасуы
52°58′56″ с. е. 70°12′32″ ш. б. / 52.98222° с. е. 70.20889° ш. б. / 52.98222; 70.20889 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°58′56″ с. е. 70°12′32″ ш. б. / 52.98222° с. е. 70.20889° ш. б. / 52.98222; 70.20889 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
Шортанды
Шортанды (көл) (Ақмола облысы)
Шортанды
 Басқа мағыналар үшін Шортанды деген бетті қараңыз.

ШортандыАқмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м.

Гидрографикасы

Ауданы 18,6 км2, ұзындығы 7,2 км, ең енді жері 3,7 км, орташа тереңдігі 14,1 м. Көл аласа төбелер арасындағы аңғар тәрізді қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы шығысында жатық, құмды. Төбенің бедері кедір-бұдыр, негізінен лайлы, оңтүстік-батыс бөлігі құмтасты. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде тастақты келген 3, солтүстік батысында бір арал бар. Алабы төбелі ұсақ шоқылардан тұрады, қарағай орманды.

1920 жылға дейін Қылшақты өзені ағып шығатын көл қазіргі күнде деңгейі төмендеуіне байланысты ағынсыз. Жауын-шашын, жер астынан шыққан көптеген бұлақтар суымен толығады. Суының минералдылығы 300 – 600 мг/л. Суын Щучинск қаласы пайдаланады. Балық ауланады.

Жоғары