| Шошқакөл | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 458,5 м |
| Өлшемі | 8,5 × 6,7 км |
| Ауданы | 32 км² |
| Тереңдігі | 9 м |
| Орташа тереңдігі | 1 м |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 360 км² |
| Орналасуы | |
| 49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудандар | Нұра ауданы, Жаңаарқа ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Шошқакөл – ағынсыз көл.
Географиялық орны
Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жерінде. Айнабұлақ ауылынан солтүстік-батыста 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 458,5 м.
Аумағы
Ауданы 32,0 км2, ұзындығы 8,5 км, ең енді жері 6,7 км. Су жиналатын алабы 360 км2, ең терең жері 9 м. Нұраның сол салалары – Соналы және Құланөтпес өзендері алаптарының суайрығында.
Гидрографикасы
Жағасы жатық, жағалауына изен, бозжусан жайылған. Жауын-шашын суымен толығады, суы ащы. Соңғы жылдары көл суы тартылып келеді, саяз сулы бөліктерін қамыс, құрақ басқан, ауданы 1600 га. Оңтүстікке таман Аралтөбе аралы орналасқан.
Өсімдігі, жануарлары
Көл жағасында жыңғыл, қамыс-құрақ, сөран өседі. Үйрек, қаз, аққу ұя салады, кезінде қамыс арасында қабан (жабайы шошқа) мекендеген. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.
- Алфавит бойынша көлдер
- Нұра су алабы
- Нұра ауданы көлдері
- Жаңаарқа ауданы көлдері

