Қабылбаев Шырақбек (9 наурыз 1908,Семей облысы, Қарашоқы — 5 шілде 1976, Алматы) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.1938 жылдан КОКП мүшеci iшкi істер қызметінің генерал-лейтенанты (1967). 1931 жылы Семейдегі педтехникумын бiтiрдi. Қызыл Армия қатарындағы кезекті міндетін атқарғаннан кейін, 1935 жылы Iшкі істер халкомының арнаулы мектебін, ал 1952 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бiтiредi. Қазақстан КП-нiң 4, 5, 8, 13-съездерiнде OK-тiң мүшесi және 4, 5,.7, 8- сайланған Қаз. КСР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин, eкi Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған. Сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, «КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісінің иегері.
- 9 наурызда туғандар
- 1908 жылы туғандар
- 5 шілдеде қайтыс болғандар
- 1976 жылы қайтыс болғандар
- Ленин орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
