Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шыршық каналы (өзб. Chirchik kanali) — Өзбекстан және Қазақстан (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары жері) мемлекетаралық жер суару жүйесіне

Шыршық каналы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шыршық каналы
Орналасуы
Елдер Өзбекстан
 Қазақстан
Сипаттамасы
Ұзындығы95 км
Су ағысы
БастауыГазалкент қаласының маңы
 · Бастауының биіктігі685 м м
Сағасы 
 · Сағасының орныҚабыланбек

Шыршық каналы (өзб. Chirchik kanali) — Өзбекстан және Қазақстан (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары жері) мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады. 1932 – 37 ж. аралығында салынған. Басын Шыршық өз. бойындағы бөгеттен алады. Жалпы ұзындығы 95 км, ені 8 – 10 м, тереңд. 2 – 4 м. Орташа су ағымы 29 м³/с. Канал Қазақстан аумағындағы 12,8 мың га бау-бақша, егістікті суарады.

Сипаттамасы

Бастауын Ташкент облысы, Ғазалкент қаласы маңындағы теңіз деңгейінен 685 метр биіктікте орналасқан Шыршық өзеніндегі бөгеннен алады. Шыршық өзенімен қапталдаса ағып, Шыршық қаласының тұсында солтүстікке бұрылады. Сол тұстағы төбешікті тесіп, құбыр арқылы арғы бетке өткізілген. Қазақстан аумағына өтеді де, Солтүстік-Батыс бағытмен аға отырып, Қазығұрт ауылының тұсынан оңтүстікке бұрылады. Сарыағаш ауданына өткен соң, Қабыланбек ауылына жақын жерде бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді.

Жағасындағы елді мекендер

Өзбекстанда: Газалкент, Шыршық қалалары.

Қазақстанда: Заңғар, Қызылсеңгір, Қазығұрт, Саванхана ауылдары

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.


Жоғары