| Шығанақ | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 84,8 м |
| Өлшемі | 8,7 × 2,3 км |
| Ауданы | 14,3 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 34,4 км |
| Орналасуы | |
| 52°39′38″ с. е. 74°21′15″ ш. б. / 52.66056° с. е. 74.35417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°39′38″ с. е. 74°21′15″ ш. б. / 52.66056° с. е. 74.35417° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Павлодар облысы |
| Аудан | Ақтоғай ауданы |
Шығанақ – Шідерті өзені алабындағы көл.
Географиялық орны
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 84,8 м биіктікте.
Гидрографикасы
Ауданы 14,3 км2, ұзындығы 8,7 км, ең енді жері 2,3 км, жағасының ұзындығы 34,4 км. Көлге Шідерті өзенінің аңғарындағы қарасулар құяды, суы мол кезеңдерде қайта ағып шығады. Суы тұзды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі.
Жағалау сипаты
Көл аңғарлық қазаншұңқырда. Жағалауы көбіне жайпақ. Оңтүстік жағалауы батпақты.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері

