Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа к

Шәкен Ниязбеков

  • Басты бет
  • Шәкен Ниязбеков

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
Туған күні

12 қазан 1938 (1938-10-12)

Туған жері

Тараз

Қайтыс болған күні

16 тамыз 2014 (2014-08-16) (75 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Мазмұны

Өмірбаяны

Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В.И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өмірінің кейбір кезеңдері: 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын. Сондай-ақ пультті ең алғаш ойлап тапқан қазақ азаматы. Ол 1960 жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысы арқылы жұртшылықты таң қалдырған болатын. Сонымен қатар Ш.Ниязбеков 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында бас жүлдені ұтып алады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылып, өкінішке қарай осы дүниесі қолды болып, оны ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылып, мұны Жапонияның жансызы алғаны айғақталады. Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлепті.

«Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстар суретшінің жеке көрмелеріндегі каталогтардан қомақты орын алады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының елтаңбасын да жатқызуға болады.

Шәкен Ниязбеков — Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты.

Шығармашылық жұмыстары

  • Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешенді дизайны (1979, А.Симоновпен, В.Кузьминмен бірге)
  • «Волоколам бағытында. Генерал-майор И.Панфилов пен қолбасшы Б.Момышұлы ескерткіші» (1985),
  • «Жамбыл»,
  • «Ана болу бақыт»,
  • «Шоқан Уәлиханов», т.б. көркем кенептер.
  • Алматы қаласы елтаңбасының авторы.
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы.

Марапаттары

  • Чехословакияда өткен Халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және
  • Ленинградта өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.
  • 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері‎
  • "Парасат ордені" мен "Құрмет ордені" марапатталған.
  • 1998 жылы "Астана" медалі;
  • 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі;
  • 2005 жылы "Қазақстан конститутциясына 10 жыл" медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Тау

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен бастауы

  • Наурыз 24, 2026

    Қазақ ұлттық киімдері

  • Сәуір 03, 2026

    Ораз қажы

  • Сәуір 03, 2026

    Иврит тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары