Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (199

Шәміл Әбілтай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы).

Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген. 1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық. 1980 жылы Жастар одағының иегері. 1994 жылы дүниежүзілік Құрылтайында Озан атағын алды. 1997 жылы Тағлымдық толғаулар еңбегін Қазақ телидидары арқылы шығарды. 1994 жылдан бастапҚұрманғазы қорының төрағасы болған.

  • “Ұлытау” атты күй-кітабы мен “Ордабасы” дейтін күйтабағы шықты.

Қазақ телевизиясы бойынша “Yкілі домбыра”, “Домбыра дастан” бағдарламаларын жүргізді.

Әбілтаев –

  • “Домалақ ана”,
  • “Бекет Ата”,
  • “Қыдыркезген Қызылқұм”,
  • “Елбасы” күйлерінің,
  • “Қожа Ахмет Иасауи”,
  • “Жер ұраны – Ұлытау”,
  • “Ордабасы”,
  • “Құрманғазы – күй дүлдүл”,
  • “Түркістан”,
  • «Бір ауыз сөз»,
  • «Күй ата» музыкалық-толғауларының авторы.


Әбілтай кішкентай кезінен маңғыстау елімен рухани жақын болатын.Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған.

Жоғары