Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Экономикалық Бірігу, Экономикалық интеграция – экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін). Э. б. үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізілед

Экономикалық бірігу

  • Басты бет
  • Экономикалық бірігу

Экономикалық Бірігу, Экономикалық интеграция – экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін). Э. б. үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес Э. б. (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылас Э. б. (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технол. тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Э. б. халықар. сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық ш-на бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Э. б. – шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде), сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда Э. б. халықар. келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Э. б. өзінің жоғары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықар. органдар нысанында болады. Халықар. интеграц. бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экон. және валюталық одақтар. Қазіргі кезде әлемде Э. б-дің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солт.-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан арасында Кеден одағы туралы келісім жасалынды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жәнібек ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Алтын адам

  • Сәуір 04, 2026

    Футбол ережелері

  • Наурыз 12, 2026

    Алаш Орда

  • Сәуір 05, 2026

    Әбілтай Қастеев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары