Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Эмма Шарлотта Дюэрр Уотсон (ағылш. Emma Charlotte Duerre Watson; 15 сәуір 1990 жылы, Мезон-Лаффитт Париж, Франция) – британдық актриса, фотомодель.

Эмма Уотсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эмма Уотсон
Emma Watson
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Эмма Шарлотта Дюэрр Уотсон

Туған күні

15 сәуір 1990 (1990-04-15)(36 жас)

Туған жері

Париж, Франция

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актриса, фотомодель

Белсенді жылдары

1999 — 2022

IMDb

ID 0914612

Ресми сайты
Ортаққордағы Эмма Уотсон

Эмма Шарлотта Дюэрр Уотсон (ағылш. Emma Charlotte Duerre Watson; 15 сәуір 1990 жылы, Мезон-Лаффитт Париж, Франция) – британдық актриса, фотомодель.

Кинода Гарри Поттер фильміндегі Гермиона Грейнджер кейіпкерінің рөлін сомдап танымал болды. 2001-2011 жылы аралығында фильмнің сегіз бөліміне де түскен. Бұдан басқа «Нух» («Noah») және «Момын болуынын артықшылығы» («The Perks of Being a Wallflower») атты фильмдерінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Көптеген кино сыйлықтарға ие болған. 2009 жылы Эмма онжылдықтың ең жоғары төленетін актриса ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Балалық шағы

Эмма Уотсон Жаклин Льюсби мен Крис Уотсон ағылшын адвокаттардың отбасында Париж қаласында туылды. Атын әжесінің құрметіне қойған. Бес жасында отбасымен Париждан Англияға көшкен. Әке-шешесі ажырасып кеткеннен кейін Эмма інісімен анасымен тұрды. Оксфордта, Дрэгон атты мектепте оқу бітірген. Мектепте «Юность Артура», «Счастливый принц» және «Алисе в Стране Чудес» деген көріністерде басты рөлде ойнаған. 6 жасында актриса болатының берік түрде шешті. 9 жасында драма үйірмесінің жетекшісі Эммаға «Гарри Поттер и философский камень» деген фильмде Гермиона рөлінде ойнауға кастингке қатысуды ұсынды. Кастингте ұтқаннан кейін, Эмманың өмірі Гарри Поттермен жақын байланыста болды. 2014 жылының мамырында Эмма Браун университетін бакалавр дәрежесінде бітірді.

Фильмографиясы

  • Хәрри Поттер мен Пәлсапа тасы (2001)
  • Хәрри Поттер мен жасырын бөлме (2002)
  • Хәрри Поттер және Азкабан тұтқыны (2004)
  • Хәрри Поттер және Алау кубогі (2005)
  • Хәрри Поттер және Самұрық Ордені (2007)
  • Балет аяқ киімі (2007)
  • Хәрри Поттер мен Араласқан ханзада (2009)
  • Хәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 1 бөлім (2010)
  • Хәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 2 бөлім (2011)
  • Мэрилинмен 7 күн (2011)
  • Момын болуынын артықшылығы (2012)
  • Әдемі сақина (2013)
  • Ақырзаман 2013 (2013)
  • Нұх (2014)

Сілтемелер

Жоғары