Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сэр Филип Энтони Хопкинс (ағылш. Philip Anthony Hopkins; 31 желтоқсан 1937) — британдық және америкалық актер, режиссер, композитор. «Қозылар үнсіздігі», «Ганни

Энтони Хопкинс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Энтони Хопкинс
Anthony Hopkins
Сурет
Энтони Хопкинс 2025
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Филип Энтони Хопкинс

Туған күні

31 желтоқсан 1937 (1937-12-31)(88 жас)

Туған жері

Порт-Толбот, Уэльс, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актёр, режиссёр

Белсенді жылдары

1967 — қазіргі уақыт

IMDb

ID 0000164

Сэр Филип Энтони Хопкинс (ағылш. Philip Anthony Hopkins; 31 желтоқсан 1937) — британдық және америкалық актер, режиссер, композитор. «Қозылар үнсіздігі», «Ганнибал» және «Қызыл айдахар» фильмдеріндегі Ганнибал Лектердің рөлімен танымал атанған. «The Lion in Winter», «Magic», «The Elephant Man», «Bram Stoker`s Dracula», «The Remains of the Day», «Shadowlands», «Legends of the Fall», «Никсон», «Амистад», «Зорро маскасы», «Meet Joe Black», «The World’s Fastest Indian» және тағы басқа фильмдерінің арқасында танымал атанған. 2000 жылдан бастап АҚШ-та тұрады. «Оскар сыйлығы», «Эмми» және BAFTA жүлдесінің номинанты атанған.

Өмірбаяны

Энтони Хопкинс Ұлыбританияда Уэльстың Порт-Толбот қалашығында туған. Оның әкесі Ричард Артур Хопкинс, наубайшы болды. Анасы – Мюриэл Энн. 1949 жылы Понтипулдегі Jones' West Monmouth Boys' School мектебінде оқып, кейін Cowbridge Grammar School мектебіне көшеді. 1959 жылдан бастап Лондондағы драма өнерінің хандық академиясында оқуын жалғастырады.

Мансабы

1968 жылы «The Lion in Winter» фильмінде түсіп танымал атанған Хопкинс Ричардтың рөлін ойнайды. 70-80 жылдары телефильмдерде түсіп, 1972 жылы «War and Peace» фильмінде рөлге ие болады. Кейін актер көптеген жетістіктерге жетіп, фильмдерден көрінеді.

Жеке өмірі

Хопкинс үш рет үйленген болатын. Бірінші әйелі, Петронелла Баркерден (1967—1972) Эбигейл атты қызы бар (1968). Екінші әйелі - Дженнифер Линтон (1973—2002). Қазір колумбиялық Стелла Арройявамен некеде.

Жоғары