Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Юкатан түбегі — Орталық Америкадағы Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің аралығында. Көпшілік бөлігі Мексикада (Юкатан штаты), оңтүстік-шығыс бөлігі Гватемала м

Юкатан түбегі

  • Басты бет
  • Юкатан түбегі

Юкатан түбегі — Орталық Америкадағы Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің аралығында. Көпшілік бөлігі Мексикада (Юкатан штаты), оңтүстік-шығыс бөлігі Гватемала мен Белизге қарайды. Юкатан түбегі Орталық Америка мойнағындағы құрлықтың ең енді өңірін құрайды. Мұнда Атлант мұхиты мен Тынық мұхитты бөліп жатқан құрлықтың ені 860 км-ге жетеді. Ауданы 180 мың км шамасында. Жер беті негізінен ойпатты, тек оңтүстік-шығысы ғана аласа таулы (Майя тауы, 1122 м). Түбек оңтүстігіндегі Мексика Кордильерасының жалғасы болып табылатын Сьерра-Мадре тауларымен қоса тектоникалық тұрғыдан жас қозғалмалы алапқа жатады. Жер сілкіну жиі қайталанады. Жер бетіне неоген әктастары кең көлемде шығып жатады. Соған орай ылғалды климат жағдайында карст жер бедері пішіндері кең тараған. Мексика шығанағына қараған солтүстік және батыс жағалары аласа, лагуна сипатты. Кариб теңізіне қараған жағасы жарқабақты, маржан кемертастарымен жиектелген. Климаты тропиктік пассаттық, ыстық. Жыл бойы температура бірқалыпты. Ең салқын ай мен ең ең ыстық айлардың орташа температураларының айырмасы 3 – 5С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 500 мм-ден, оңтүстігінде 2000 мм-ге дейін. Карст құбылысының кең таралуына байланысты беткі ағыс дамымаған. Жауын-шашын мол түсуіне қарамастан су тапшы. Орталығы мен оңтүстігінде еуропалықтар келгенге дейін мәңгі жасыл тропиктік орман өскен. Қазіргі кезде көп жерде олардың орнын цитрус плантациялары басқан. Солтүстігінде ксерофитті бұталар мен сирек ормандар таралған.

Юкатан түбегі
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Орналасуы
18°50′42″ с. е. 89°07′32″ б. б. / 18.84500° с. е. 89.12556° б. б. / 18.84500; -89.12556 (G) (O) (Я)Координаттар: 18°50′42″ с. е. 89°07′32″ б. б. / 18.84500° с. е. 89.12556° б. б. / 18.84500; -89.12556 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларКариб теңізі, Мексика шығанағы
Елдер Мексика
 Гватемала
 Белиз
Юкатан түбегі (Мексика)
Юкатан түбегі
Юкатан түбегі Ортаққорда
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Күршім ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Теке тайпасы

  • Сәуір 05, 2026

    Шәкен Ниязбеков

  • Наурыз 13, 2026

    Жасуша

  • Сәуір 05, 2026

    Қазақ (айрық)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары