Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сүренің атауы бірінші аяттағы “йа” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Мұндай бөлшектенген әріптермен (хуруфи муқатаға) басталатын бірнеше сүрелер бар. Б

Ясин сүресі

  • Басты бет
  • Ясин сүресі

Ясин сүресі (араб. يس — Йа Син) — 36-шы Құран сүресі. 83 аяттан тұрады.

Ясин сүресі — يس

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Йа Син

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

41

Статистика
Сүре нөмірі

36

Аяттар саны

83

Джуз

22 – 23

Хизб

44 – 45

Рукуғ саны

5

Сөз саны

829

Әріп саны

3000

Муқаттаға әріптері

Йа, Син.

Алдыңғы сүре

Фатыр сүресі

Келесі сүре

Саффат сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Сүренің атауы бірінші аяттағы “йа” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Мұндай бөлшектенген әріптермен (хуруфи муқатаға) басталатын бірнеше сүрелер бар. Бұл әріптердің мағынасы бір Аллаға ғана аян. Сексен үш аяттан тұратын Ясин Сүресі негізінен Мекке қаласында, кейбір сүрелері Мединеде түсірілген. Ясин Сүресіде иман негіздері жайлы кеңінен баяндалады. Мысалы, Құранның негізгі тақырыбы пайғамбарлық жайлы сүренің алғашқы аяттарында былай дейді:

“Ясин. Даналыққа толы Құранға ант болсын. Сен расында жіберілген елшілеріміздің бірісің, Және сен тура жолдасың”.

Ясин Сүресі ең көп оқылатын сүрелердің бірі. Мұхаммед пайғамбар Ясин Сүресінің қасиеттері туралы көптеген хадистерінде айтқан. Мысалы: “Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі” (Тирмизиден рауаят болған. “Фазайиул құран”), “Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар” (Әбу Даууд Жанайиз). Қырық рет Ясин Сүресі қайырып оқып (Шілясин), науқас адамға немесе дем салдырушы кез келген адамға күш кіреді. Ясин – Мұхаммед пайғамбар есімдерінің бірі.

Сілтемелер

  • Құран
  • Аят
  • Тирмизи
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Сабақ (биология)

  • Сәуір 16, 2026

    Елизавета Петровна

  • Сәуір 13, 2026

    Фатима Ғабитова

  • Сәуір 06, 2026

    Егемен Қазақстан

  • Сәуір 03, 2026

    Қазақ Энциклопедиясы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары