Яхмос ІІ (ежелгі египетше “Айдан туған”, грек. Амасис) (т. ж. б. – б.з.б. 525 жылы) – египет перғауны (б.з.б. 569 – 525 жылдары), 26-әулеттің 5-патшасы. Яхмос ІІ тұсында салықты жеңілдету мақсатымен жер кадастры қайта қаралды, Кипр аралы жаулап алынды. Сыртқы саясатта Афина, Спарта, Самос және Лидиямен одақ құрып, парсы әскерлерін Египетке кіргізбеуге ұмтылды.
Сілтемелер
- Амасис
- Египет
- Афина
Санаттар:
- Тұлғалар
- Перғауындар