Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қадырберді хан – 1419 жылдан бастап билік еткен Алтын Орда ханы, Тоқтамыстың ұлдарының бірі. Тоқтамыстың талқандалғанынан кейінгі таққа таластың қатысушыларының

Қадырберді хан

  • Басты бет
  • Қадырберді хан

Қадырберді хан – 1419 жылдан бастап билік еткен Алтын Орда ханы, Тоқтамыстың ұлдарының бірі. Тоқтамыстың талқандалғанынан кейінгі таққа таластың қатысушыларының бірі. 1419 жылы литов кнәзі Витовттың қолдауымен таққа отырды. Осы жолда ол беклербек Едігенің қолшоқпары Дервиш ханды өлтірді. Кейбір деректерде Қадырбердіні Едігеге қарсы шыққан өзінің үлкен ұлы Hұр ад-Дин дейді. Едіге Қырымға қашып кетеді. Онда ол қырымдық Тоқа Темірліктерден шыққан Бек Суфиді хан етеді. Хан мен Едігенің аты жазылған теңгелер соғыла бастайды. Алайда Бек Суфиді Қадырбердінің қолы тас-талқан етті. Сонда да Бек Суфи Қырымның жекеленген аймақтарына хижраның 825 жылына (1422 ж.) дейін үстемдігін жүргізген. Едіге Оралдағы иеліктерінде бой тасалауға мәжбүр болды. Хижраның 822 жылы (1420) Едіге Қардырбердінің қолынан қаза болды. Қадырберді де шамамен сол уақытта Қырымда қайтыс болады. Алайда деректерде Қадырберді мен Едігенің өлімі жайлы мәліметтер қарама-қайшылыққа толы. Әл Айнидің хабарлауынша Қадырберді шайқаста қаза болса, ал Едіге жараққаттан қайтыс болған.

Қадырберді хан
Лауазымы
Алтын Орданың ханы
1419 — 1419
Ізашары Дервиш хан
Ізбасары Қажы Мұхаммед хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1419 (1419)
Династия Тоқа Темір
Әкесі Тоқтамыс хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Андаман теңізі

  • Сәуір 14, 2026

    Нұһ сүресі

  • Сәуір 04, 2026

    Темір ауданы

  • Наурыз 22, 2026

    Оттегі

  • Сәуір 14, 2026

    Шөже Қаржаубайұлы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары