Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстан белорустары (белар. Беларусы Казахстана, қаз. Қазақстанның беларустары) — Қазақстандағы белорус диаспорасы. 2021 жылғы Қазақстан халқының санағы бойын

Қазақстандағы беларустар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстандағы беларустар
белар. Беларусы ў Казахстане
Бүкіл халықтың саны

76 484 адам
(ҚР халық санағы 2021)

Ең көп таралған аймақтар
Қостанай облысы

16 495

Қарағанды облысы

14 488

Ақмола облысы

12 054

Астана

6 021

Солтүстік Қазақстан облысы

6 805

Павлодар облысы

5 672

Алматы

3 238

Шығыс Қазақстан облысы

2 792

Батыс Қазақстан облысы

2 425

Ақтөбе облысы

1 788

Алматы облысы

1 578

Жамбыл облысы

973

Шымкент

740

Атырау облысы

480

Маңғыстау облысы

441

Түркістан облысы

298

Қызылорда облысы

195

Тілдері

беларус, орыс, қазақ

Діні

Православие, Католицизм

Қазақстан белорустары (белар. Беларусы Казахстана, қаз. Қазақстанның беларустары) — Қазақстандағы белорус диаспорасы. 2021 жылғы Қазақстан халқының санағы бойынша елдегі белорустардың саны 76 484 адамды құрады.

Тарихы

Қазіргі Қазақстан жеріне алғашқы белорустар Кастусь Калиновский көтерілісінен кейін келе бастады (солардың ішінде белгілі тұлға Бронислав Залесский болды). XX ғасырдың басындағы Столыпин реформасы кезінде белорус шаруалары жаппай қоныс аударса, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында Владимир Дудицкий, Петро Битель, Симон Хурсик сынды мәдениет қайраткерлері еріксіз жер аударылды.

Ұлы Отан соғысы кезеңі екі халықтың рухани жақындығын нығайта түсті. Белоруссиядан Қазақстанға 10,7 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олармен бірге Белорус опера және балет театры мен Якуб Колас атындағы драма театрының ұжымдары Алматыға көшірілді. 1941–1942 жылдар аралығында өнерпаздар әскери госпитальдарда 40-тан астам қойылым мен концерт өткізді.

Сол кездегі тарихи сәттердің бірі — белорус опера жұлдызы Лариса Александровскаяның қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітовамен бірге Алматы мен Қарағанды клубтарында өнер көрсетуі еді. Сонымен қатар, 1942 жылы Алматы киностудиясында режиссер Владимир Корш-Саблин соғыс тақырыбындағы алғашқы белорус туындыларын («Белорус новеллалары») жарыққа шығарды.

Кейінірек, тың игеру науқаны басталғанда, мыңдаған белорус азаматтары республиканың солтүстік өңірлеріне келіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосты.

Тәуелсіз Қазақстандағы белорустар

XX ғасырдың соңына қарай Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларында белорустардың ұлттық-мәдени орталықтары құрылды. Бүгінгі таңда республика бойынша осындай оннан астам бірлестік ресми тіркелген. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің ішінде жүйелі жұмысымен ерекшеленетін ұжымдар мен олардың жетекшілері:

  • Алматы аймақтық мәдени орталығы — жетекшісі Л.М. Питаленко;
  • Павлодар облыстық орталығы — жетекшісі Л.И. Богнат;
  • Қарағандыдағы «Наследие» (Мұра) белорус мәдениеті қоры — жетекшісі А.А. Хука;
  • Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы — жетекшісі Р.В. Солапава;
  • Қостанай облыстық орталығы — жетекшісі Л.В. Шевченко;
  • Астана қаласындағы «Беларусь» орталығы — жетекшісі А.Ф. Романова.

Қазақстан белорустарының қауымдастығы өзінің ресми атауын 2002 жылғы құрылтай конференциясында бекітті. Оған дейін 10 жыл бойы «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істеп келген болатын. Оның негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі — белгілі мемлекеттік қайраткер, сенатор Павел Атрушкевич.

Статистика

Белорустардың Қазақстанның 2-деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша қоныстануы (2025 жылдың басындағы бағалау)
Қазақстандағы белорустар санының динамикасы
ЖылСаныҮлесі (%)
193931 6140,513
1959107 4631,154
1970198 2751,523
1979181 4911,235
1989177 9381,098
1999111 9270,748
200966 4760,415
202176 4840,400
Қазақстан өңірлері бойынша белорустар санының динамикасы
Өңір 1970 1979 1989 1999 2009 2021
Қазақстан198 275181 491177 938111 92766 47676 484
Ақмола облысы35 43729 60728 28319 47511 92712 054
Ақтөбе облысы4 3124 3764 7362 5691 3431 788
Алматы4 4445 2056 9123 4381 7823 238
Алматы облысы4 3254 2734 7212 0538791 578
Астана6 1867 0918 2205 7613 7526 021
Атырау облысы1 7111 1271 066347217480
Батыс Қазақстан облысы6 0305 8055 1123 5772 1462 425
Жамбыл облысы4 0464 5393 9861 481602973
Қарағанды облысы40 15737 60835 73121 57913 37014 488
Қостанай облысы38 14135 51435 40425 01815 17116 495
Қызылорда облысы2 6152 954816215112195
Маңғыстау облысы1 4711 5471 697612260441
Павлодар облысы12 61811 51112 2938 7815 4195 672
Солтүстік Қазақстан облысы23 11317 94616 38811 1846 8566 805
Түркістан облысы3 7753 3623 4881 312641298
Шымкент740
Шығыс Қазақстан облысы9 8949 0269 0854 5251 9992 792

Тағы қараңыз

Әдебиет

  • Беларускае замежжа // Энцыклапедыя. — Мінск : Беларуская Энцыклапедыя імя П. Броўкі, 2010. — 480 с. : іл. Цвёрдая вокладка. На беларускай і рускай мовах. ISBN 978-985-11-0534-8

Сілтемелер

  • Қазақстан халықтары ассамблеясының сайтында
Жоғары