Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Басты мақсаты — мемлекеттің қауіпсіздігін және біртұтастығын сақтау.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) | |
|---|---|
| |
| |
| Жалпы мағлұмат | |
| Мемлекет | |
| Құрылған уақыты | 13 шілде 1992 |
| Оның алдындағы мекемелер | Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (1954-1991) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (1991-1992) |
| Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Штаб-пәтері | |
| Қызметкерлер саны | белгісіз (жасырын) |
| Жылдық бюджеті | 607 млрд теңге (2025) |
| Төрағасы | генерал-лейтенант Ермек Сағымбаев |
| Төрағаның бірінші орынбасары | генерал-майор Әли Алтынбаев |
| Ресми сайты | |
| gov.kz/memleket/entities/knb | |
Басты қызметтері
- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруға қатысу;
- "Сыртқы барлау туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделері үшін барлау ақпаратына қол жеткізу;
- Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдауға қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаулармен қамтамасыз ету;
- саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;
- қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
- мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
- Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
- Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
- Қазақстан заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
- Қазақстан Президентін, мемлекеттік органдарын, Қазақстанның Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
- Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
- Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қорғалған байланысын ұйымдастыру және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
- үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- ұлттық қауіпсіздік органдарында бірыңғай тәсілдерді басқару, қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру;
- Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдай жасау;
- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу.
Тарихы
1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.
Басшылық
- Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (2022 жылғы 6 қаңтардан бастап)
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары (2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап)
- Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы (2023 жылғы 13 сәуірден бастап)
- Наймантаев Алмас Тілепбергенұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары (2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап)
- Сарқұлов Руслан Серікұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары (2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап)
- Рахымбердиев Бақытбек Төлешұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы (2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап)
- Құнанбаев Берік Садықұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің Директоры (2022 жылғы 6 қаңтардан бастап)
- Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлы — генерал-майор, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры (2022 жылғы 23 мамырдан бастап)
- Жұмабаев Марат Қабиденұлы — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің Директоры (2024 жылғы 23 қыркүйектен бастап)
- Марат Ғатаұллаұлы Ирменов — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары (2025 жылғы 25 қазаннан бастап)
Төрағалары тізімі
| № | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Басқарған уақыты | |
|---|---|---|---|---|
| Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (1992–) | ||||
| 1 | Болат Баекенов (1942-2023) | шілде 1992 | желтоқсан 1993 | |
| 2 | Сәт Тоқпақбаев (1939 туған) | желтоқсан 1993 | қараша 1995 | |
| 3 | Жеңісбек Жұмабеков (1945 туған) | қараша 1995 | мамыр 1997 | |
| 4 | Әлнұр Мұсаев (1954 туған) | 12 мамыр 1997 | қыркүйек 1998 | |
| 5 | Нұртай Әбіқаев (1947 туған) | қыркүйек 1998 | тамыз 1999 | |
| 6 | Әлнұр Мұсаев (1954 туған) | тамыз 1999 | 4 мамыр 2001 | |
| 7 | Марат Тәжин (1960 туған) | 4 мамыр 2001 | 11 желтоқсан 2001 | |
| 8 | Нартай Дүтбаев (1956 туған) | 11 желтоқсан 2001 | 22 ақпан 2006 | |
| 9 | Амангелді Шабдарбаев (1950 туған) | 2 наурыз 2006 | 7 желтоқсан 2009 | |
| 10 | Әділ Шаяхметов (1956 туған) | 9 желтоқсан 2009 | 23 тамыз 2010 | |
| 11 | Нұртай Әбіқаев (1947 туған) | 23 тамыз 2010 | 25 желтоқсан 2015 | |
| 12 | Владимир Жұмақанов (1955 туған) | 25 желтоқсан 2015 | 8 қыркүйек 2016 | |
| 13 | Кәрім Мәсімов (1965 туған) | 8 қыркүйек 2016 | 5 қаңтар 2022 | |
| 14 | Ермек Сағымбаев (1967 туған) | 6 қаңтар 2022 | — | |
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағалары:
- Владимир Губин, тамыз 1954 — мамыр 1959
- Константин Лунёв, тамыз 1959 — сәуір 1960
- Әубәкір Арыстанбеков, сәуір 1960 — қараша 1963
- Георгий Евдокименко, қараша 1963 — қараша 1975
- Василий Шевченко, қараша 1975 — ақпан 1982
- Зақаш Қамалидиенов, ақпан 1982 — қаңтар 1986
- Виктор Мирошник, ақпан 1986 — ақпан 1990
- Николай Вдовин, наурыз 1990 — қазан 1991
- Болат Баекенов, қазан 1991 – шілде 1992
Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссарлары мен министрлері:
- Алексей Бабкин, ақпан 1941 - шілде 1941
- Алексей Бабкин, мамыр 1943 - наурыз 1944
- Сергей Огольцов, сәуір 1944 - желтоқсан 1945
- Алексей Бызов, 1946 - 1951
Құрылымы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 6 ведомствосы бар:
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" арнаулы мақсаттағы қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.
- Қарамағындағы ұйымдар
- "Қазимпэкс" республикалық орталығы" ЖШС
- ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ
- ҚР ҰҚК "Алмас" ШЖҚ РМК
Аумақтық органдар
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы
Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша тергеу изоляторы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы.

