Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстан Республикасында ресми тойланатын мерекелер тізімі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерек

Қазақстан мейрамдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Қазақстан Республикасында ресми тойланатын мерекелер тізімі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

  • Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңы, кәсіби мерекелік даталарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа мерекелік даталарды Үкімет белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
 — мейрам (жұмыс істемейтін) күндері
 — кәсіби мейрамдар
 — басқа мерекелік күндер
 күн-айыатауыенгізілген жыл
 1—2 қаңтарЖаңа жыл (мемлекеттік мейрам)1992
 7 қаңтарРождество (демалыс күні)2005
 10 зұлхижжаҚұрбан айт (демалыс күні)2005
 8 наурызХалықаралық әйелдер күні (мемлекеттік мейрам)1992
 15 наурызҚазақстан Республикасының Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)2026
 21—23 наурызНаурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)1992
 1 мамырҚазақстан халқының бірлігі мерекесі (мемлекеттік мейрам)1992
 7 мамырОтан қорғаушы күні (мемлекеттік мейрам)2012
 9 мамырЖеңіс күні (мемлекеттік мейрам)1992
 6 шілдеАстана күні (мемлекеттік мейрам)2008
 25 қазанҚазақстан Республикасы күні (ұлттық мейрам)2022
 16 желтоқсанТәуелсіздік күні (мемлекеттік мейрам)1995
 күн-айыатауы
 10 қаңтарҚазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
 28 қаңтарҚаржылық мониторинг органдары күні
 1 ақпанҚазақстан Республикасының азаматтық авиация жұмыскерлері күні
 2 ақпанҰлттық басылым күні
 15 ақпанАуғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
 1 наурызАлғыс айту күні
 наурыздың 2-ші сенбісіЖерге орналастыру, геодезия және картография күні
 7 сәуірМемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні
 сәуірдің 1-ші жексенбісіГеолог күні
 12 сәуірҒылым жұмыскерлері күні
 16 сәуірТұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жұмыскерлері күні
 21 сәуірҚазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні
 23 сәуірКітапханашы күні
 23 сәуірҰлттық кітап күні
 мамырдың 2-ші жексенбісіАналар күні
 17 мамырБайланыс жұмыскерлері күні
 20 мамырМетрология жұмыскерлері күні
 21 мамырМәдениет және өнер жұмыскерлері күні
 мамырдың соңғы жексенбісіХимия өнеркәсібі жұмыскерлері күні
 31 мамырСаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
 4 маусымҚазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
 5 маусымЭколог күні
 7 маусымМонополияға қарсы орган жұмыскерлерінің күні
 9 маусымМемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні
 маусымның 2-ші жексенбісіЖеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні, Малшылар күні
 маусымның 3-ші жексенбісіМедицина жұмыскері күні
 23 маусымПолиция күні, Мемлекеттік қызметші күні
 маусымның 3-ші жексенбісіӘкелер күні
 24 маусымСудья және сот жұмыскері күні
 28 маусымБұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күні
 2 шілдеДипломатиялық қызмет күні
 7 шілдеҚазақстан Республикасының қолөнершілер күні
 9 шілдеСу шаруашылығы жұмыскерлері күні
 10 шілдеВетеринариялық жұмыскер күні
 13 шілдеҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
 14 шілдеНотариат күні
 шілденің 1-ші жексенбісіТеңіз және өзен көлігі жұмыскерлерінің күні
 шілденің 1-ші жексенбісіҰлттық домбыра күні
 шілденің 2-ші жексенбісіБалық шаруашылығы жұмыскерлері күні
 шілденің 3-ші жексенбісіМеталлург күні
 шілденің 4-ші жексенбісіСауда жұмыскерлері күні
 тамыздың 1-ші жексенбісіТеміржол көлігі жұмыскерлері күні
 тамыздың 2-ші жексенбісіҚұрылысшы күні
 10 тамызАбай күні
 18 тамызШекарашылар күні
 29 тамызСемей ядролық сынақ полигонының жабылған күні
 тамыздың 3-ші жексенбісіСпорт күні
 тамыздың соңғы жексенбісіШахтёр күні
 1 қыркүйекБілім күні
 3 қыркүйекҚазақы тазы мен төбет күні
 5 қыркүйекҚазақстан халқы тілдері күні
 қыркүйектің 1-ші сенбісіАңшылық шаруашылығы жұмыскерінің күні
 қыркүйектің 1-ші жексенбісіМұнай-газ кешені жұмыскерлері күні
 қыркүйектің 2-ші жексенбісіБақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні
 15 қыркүйекСанитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні
 қыркүйектің 2-ші жексенбісіОтбасы күні
 қыркүйектің соңғы жексенбісіЕңбек күні
 28 қыркүйекАтом саласы жұмыскерлері күні
 30 қыркүйекӘділет органдары қызметкерлері күні
 қыркүйектің соңғы жексенбісіМашина жасаушы күні
 1 қазанҚазақстан Республикасының Жоғары білім жұмыскерлері күні
 1 қазанҚарттар күні, Радио күні
 2 қазанҚазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні
 5 қазанМұғалім күні
 6 қазанҚорғаныс өнеркәсібі жұмыскерлері күні
 10 қазанҚазақстан Республикасының кәсіптік одақтарының күні
 14 қазанСтандарттау жұмыскерлерінің күні
 16 қазанНан күні
 19 қазанҚұтқарушы күні
 20 қазанҚоғамдық тамақтандыру саласы жұмыскері күні
 қазанның 3-ші жексенбісіОрман шаруашылығы жұмыскері күні
 қазанның соңғы жексенбісіӘлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері күні, Автомобиль көлігі жұмыскерлері күні, Автожол саласы жұмыскерлерінің күні
 29 қазанКүзет ұйымдарының жұмыскерлері күні, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері күні
 5 қарашаСыртқы барлау күні
 8 қарашаСтатистика күні
 10 қарашаЦифрландыру және цифрлық технологиялар жұмыскерлері күні, Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлерінің күні
 11 қарашаЭнергия үнемдеу күні
 15 қарашаҚазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің күні
 15 қарашаҰлттық валюта — теңге күні
 қарашаның 3-ші сенбісіБұрғылаушы күні
 қарашаның 3-ші жексенбісіАуыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күні
 18 қарашаСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні
 1 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

 5 желтоқсанАдвокатура күні
 6 желтоқсанПрокуратура күні
 13 желтоқсанҚылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні
 20 желтоқсанҚазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні
 22 желтоқсанЭнергетик күні, Архивші күні

Ескертпелер

  1. Һижраның 10 зұлхижжа күні Григориан күнтізбесінде жыл сайын 11—12 күнге артқа ығысады.
  2. 1993—1995 жылдары Конституция күні ретінде 28 қаңтар, 1995—2026 жылдары 30 тамыз атап өтілді.
  3. 1992—1995 жылдары Халықаралық еңбекшілердің ынтымақтастығы күні ретінде атап өтілді.
  4. 1990—1992 жылдары Республика күні ретінде 6 қазан, 1992—1994 жылдары 16 желтоқсан атап өтілді, 1994 жылы Республика күні 25 қазанға ауысты. 1995—2001 жылдары ұлттық мейрам, 2001—2009 жылдары мемлекеттік мейрам мәртебесі болды. 2009—2022 жылдары атап өтілмеді. 2022 жылы қайтадан ұлттық мейрам болып жарияланды. 2026 жылға дейін Республика күні деп аталды.
  5. 1992—1994 жылдары Республика күні ретінде атап өтілді. 1994—1995 жылдары атап өтілмеді. 1995—2001 жылдары мемлекеттік мейрам, 2001—2022 жылдары ұлттық мейрам мәртебесі болды. 2022 жылы қайтадан мемлекеттік мейрам болып жарияланды.
  6. 2011—2022 жылдары мемлекеттік мейрам мәртебесі болды.
Жоғары