Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

2026 жылғы қаңтарда президент Тоқаев екіпалаталы Қазақстан Парламентінің орнына бірпалаталы Құрылтай орнатуды ұсынды. 2026 жылғы конституциялық референдумның ре

Қазақстан Құрылтайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасының Құрылтайы
Қазақстан Республикасының Құрылтайы
Қазақстан елтаңбасы
Мемлекет

 Қазақстан

Түрі
Түрі

бір палаталы парламент

Сайлану мерзімі

5 жыл

Басшылығы
Төрағасы

лауазым бос

Құрылымы

Құрылтай фракциялары

     Орны бос: 145 депутат

Сайлауы
Ізашары

Қос палаталы Қазақстан Парламенті

Kurultai of Kazakhstan

Қазақстан Республикасының Құрылтайы — Қазақстанның жоспарланған болашақ бірпалаталы парламенті.

2026 жылғы қаңтарда президент Тоқаев екіпалаталы Қазақстан Парламентінің орнына бірпалаталы Құрылтай орнатуды ұсынды. 2026 жылғы конституциялық референдумның ресми нәтижесінше Қазақстан халқы парламенттік реформаны қолдады. Қазақстан Құрылтайы осылайша 2026 жылғы 1 шілдеде күшке енбек.

Құрылтайда 145 депутат болмақ, оның барлығы пропорциялы жүйе бойынша сайланбақ.

Тарихы

2026 жылғы қаңтардағы Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламентті бірпалаталы қылып, оны Құрылтай деп атағанды жөн көрді. Парламент реформасы 2026 жылғы конституциялық референдумда халық «иә» десе, орын алмақ. Бұл жағдайда ол Қазақстанның жаңа Конституциясымен қатар қабылданбақ.

Сайлау жүйесі

Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланатын 145 депутаттан тұрады. 25 жасқа толған, ел аумағында соңғы 10 жыл бойы тұратын Қазақстан азаматы Құрылтай депутаты болып сайлана алады. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі — 5 жыл.

Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс сайлауын Президент белгілейді. Президенттің Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқығы бар. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.

Атқаратын қызметі

Құрылтай:

  • конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды;
  • Президент қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап 1 ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент 1 ай ішінде конституциялық заңға немесе заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң немесе заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады;
  • соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
  • Президенттің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
  • Қазақстан Президентінің сайлауын жариялайды;
  • жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
  • Қазақстан Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Вице-Президентін, Қазақстан Премьер-министрін, Конституциялық Соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындауға келісім береді. Оларды лауазымынан босату Президенттің ғана құзыретінде. Егер Құрылтай келісім беруден 2 рет бас тартса, Президент Құрылтайды таратуға құқылы.
    • Президент Премьер-министрді тағайындауға келісім сұрар алдында Құрылтайда өкілдігі бар саяси партия фракцияларымен консультация жасайды және Премьер-министрдің ұсынуымен Үкімет мүшелерін (сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда) тағайындар алдында Құрылтаймен консультация жасайды.
  • Президенттің ұсынуымен Жоғарғы Соттың судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;
  • Конституциялық Сот судьяларын, Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айырады;
  • Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Бас Прокурордың ұсынуымен Құрылтай депутатын қол сұғылмау кепілдігінен айыру мәселесін шешеді;
  • Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;
  • Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын және жылына 2 рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;
  • Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап, бекітеді. Есеп бекітілмеген жағдайда Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады;
  • Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Үкімет мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Үкімет мүшесі республика заңдарын орындамаған жағдайда, есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Президентке оны лауазымынан босату туралы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Президент Үкімет мүшесін лауазымынан босатады.

Басшылығы

Төраға

Құрылтайды Төраға басқарады. Ол қазақ тілін жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Төраға кандидатурасын Президент ұсынады, егер Құрылтай Төрағасын сайлаудан 2 рет бас тартса, Президент Құрылтайды таратуға құқылы.

Төраға орынбасары

Төраға орынбасарларын Құрылтай депутаттары сайлайды, кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады.

Құрылымы

Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалатын тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады. Оның құрылымында 8 комитет жоспарланған.

Жоғары