Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1991) — КСРО жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, одақтас кеңестік социалистік республика. Аумағы жағ

Қаз КСР

  • Басты бет
  • Қаз КСР

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1991) — КСРО жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, одақтас кеңестік социалистік республика. Аумағы жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші орында. Халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды.

Қазақ КСР
орыс. Казахская Советская Социалистическая Республика
қаз. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Республика байрағы
←
1936 – 1991 →
Ұраны:
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!
ӘнұраныҚазақ КСР әнұраны
ЕлордасыАлматы
Құрылды5 желтоқсан 1936
 КСРО құрамында:
  • 1936 5 желтоқсан,
  • 1991 16 желтоқсан

  • бастап
  • дейін
Ауданы
  • Орны:
  • Жер аумағы:
  • Су аумағы:

  • КСРО бойынша 2-ші-орын
  • 2 717,3 мың км²
    КСРО бойынша 2-ші
  • {{{water}}}
Ресми тілдеріқазақша және орысша
Халқы
  • Халық саны:
  • Орны:
  • Тығыздығы:

  • 16,711,900
  • КСРО бойынша 4-ші-орын
  • 6,1 адам/км²
    КСРО бойынша 15-ші
Уақыт белдеуі{{{time-zone}}}
МедальдарыМедалге ие болмаған
 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Мемлекеттік құрылым 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясымен айқындалған.

Мазмұны

Саяси тарихы

I. Генезис, 1920-1936

1920 жылы 26 тамызда бастапқыда РКФСР құрамындағы «Қырғыз АКСР-і» болып құрылды, астанасы Орынбор болды.

1925 жылы қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтіріліп, «Қазақ АКСР-і» деп өзгертілді. Астанасы Қызылордаға, кейіннен 1929 жылы Алматыға көшірілді.

II. Сталиндік кезең, 1936-1941

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақстан автономиялық республикадан одақтас республика мәртебесіне (Қазақ КСР) ие болды.

1. Коллективизация

2. Саяси қуғын-сүргін
3. Индустриализация

III. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан, 1941-1945

1. Мобилизация және ұлттық құрам дайындау
2. Өнеркәсіп мен халықты Қазақстанға көшіру
3. Тыл жұмыстары

IV. Соғыстан кейінгі кезең, 1946-1953

V. Хрущев кезеңі және Тың игеру, 1954-1964

1.Тың эпопеясы
2. Байқоңыр және әскели полигондар

VI. Д.Қонаев кезеңі, 1964-1986

VII. Қайта құру және дағдарыс кезеңі, 1986-1991

1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
2. Экономикалық реформалар мен ашықтық
3. Тәуелсіздік декларациясы

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, Қазақстан Республикасы деп атала бастады.

Мемлекеттік-саяси құрылымы

Жоғарғы билік органдары

Қазақ КСР-індегі билік халық депутаттарының Кеңестері арқылы жүзеге асырылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі — республиканың мемлекеттік билігінің ең жоғарғы органы. Ол бір палатадан тұрды және тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен 5 жыл мерзімге сайланды. Өкілдік нормасы: 27 мың тұрғынға 1 депутаттан келді.

Жоғарғы Кеңес республиканың Конституциясын қабылдауға, мемлекеттік жоспарлар мен бюджеттерді бекітуге және үкімет органдарын құруға құқылы жалғыз заң шығарушы орган болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы — Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы тұрақты жұмыс істейтін орган және республиканың жоғары мемлекеттік билік органы. Ол Жоғарғы Кеңес депутаттарының арасынан сайланды.

1-кесте. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлаулар
Сайлау
шақырылымы
Сайлау
жылы
Депутаттар
саны
Оның ішінде
КПСС
мүшелері
Жұмысшылар Колхозшылар Әйелдер
1193830024111211660
2194730024011411874
31951400282116102149
41955425315114165131
5195945031213088146
6196347331317556158
7196747631519143160
8197148231919744170
9197549032420540174
10198051033622134182
2-кесте. Қазақ КСР-індегі жергілікті Кеңестерге сайлаулар
Сайлау
шақырылымы
Сайлау
жылы
Депутаттар
саны
Оның ішінде
КПСС
мүшелері
Жұмысшылар Колхозшылар Әйелдер
11939487631956955402702016096
21948534142839160142583918195
31950574812789457901492820408
41953587962991458821435720007
51955645543365380882442320853
619576922435338144482140622164
719598148139811226922188826694
819618426741834250992073728399
919639881344831420761199937495
10196510295245884461661134539585
11196710575647191484351043740626
12196910916346729558651083347178
13197111775946739616361116750284
14197311715548268585941139054703
15197512069548905693121178957191
16197712326949713720441168459326
17198012566250986743271161261461

Атқарушы билік

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі — мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы және өкім етуші органы. Оны Жоғарғы Кеңес құрды. Министрлер Кеңесі мемлекеттік басқару органдарының жұмысын үйлестіріп, республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына басшылық жасады.

Жергілікті билік органдары

Жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік органдары — облыстық, аудандық, қалалық, қалалық аудандардағы, поселкелік және ауылдық Халық депутаттарының Кеңестері болды. Олар 2,5 жыл мерзімге сайланды.

Сот жүйесі және прокуратура

Қазақ КСР Жоғарғы Соты — республиканың ең жоғарғы сот органы. Оны Жоғарғы Кеңес 5 жыл мерзімге сайлады. Оның құрамына Төраға, оның орынбасарлары, мүшелері және халық заседательдері кірді.

Облыстық соттар, Алматы қалалық соты және аудандық (қалалық) халық соттары тиісті Кеңестер немесе азаматтар тарапынан сайланды.

Жоғарғы қадағалауды КСРО Бас прокуроры 5 жыл мерзімге тағайындайтын Қазақ КСР Прокуроры жүзеге асырды.

Қазақ КСР-інің мемлекеттік органдарының құрылымы
Мемлекеттік билік органдары Мемлекеттік басқару органдары Сот әділдігі Прокурорлық қадағалау Арбитраж
Жоғарғы органдар Жергілікті органдар Жоғарғы атқарушы және өкімдік органдар Салалық орталық басқару органдары Жергілікті басқару органдары

Жоғарғы Кеңес
Жоғарғы Кеңес Президиумы

Облыстық Кеңестер
Аудандық Кеңестер
Қалалық Кеңестер
Ауылдық және селолық Кеңестер

Министрлер Кеңесі
Министрлер Кеңесінің Президиумы

Одақтық-республикалық және республикалық министрліктер
Мемлекеттік комитеттер
Орталық ведомстволар

Облыстық атқару комитеттері
Аудандық атқару комитеттері
Қалалық атқару комитеттері
Ауылдық және селолық атқару комитеттері

Жоғарғы Сот
Облыстық соттар
Қалалық соттар
Аудандық (қалалық) соттар

Бас Прокурор
Облыстық прокурорлар
Қалалық прокурорлар
Аудандық прокурорлар

Мемлекеттік арбитраж
Облыстық арбитраж
Қалалық арбитраж

Коммунистік партия ролі

Мемлекеттік рәміздер

  • Қазақ КСР Мемлекеттік гимні

Әкімшілік-территориялық құрылымы

Шекара

Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Ішікі құрылымы

Урбанизация

Халқы

Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.

1970 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР халқының ұлттық құрамы
ҰлтСаны (мың адам)Негізгі қоныстанған жерлері
Орыстар5 522Республиканың барлық аймақтары
Қазақтар4 234Жергілікті халық
Украиндар933Солтүстік облыстар (тың жерлер), қалалар
Татарлар288Қалалар мен ауылдық жерлер
Өзбектер216Оңтүстік өңірлер
Белорустар198Тың игерілген аймақтар
Ұйғырлар121Іле өзенінің жоғарғы ағысы
Корейлер82Алматы және Қызылорда облыстары
Дүнгендер17Оңтүстік өңірлер
Қазақ КСР халқының тығыздығы (аймақтар бойынша)
Аймақ сипаттамасыТығыздық (адам/1 км²)
Оңтүстік тау бөктерлері мен шұраттар> 100
Солтүстік (қара топырақты, орманды дала)~ 20
Республика бойынша орташа көрсеткіш5,1
Батыс, Орталық, Оңтүстік шөлдері1,4 — 1,8

1974 жылы 50 000 астам халқы бар қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың, Қарағанды 559 мың). Алматыда 1926 жылы 45,4 мың халық тұрса, 1974 жылы 813 мың болды.

Қарағандыда Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақстанда Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақстанда — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды.

8-кесте. Қазақ КСР облыстары бойынша халықтың тығыздығы және қала халқының үлесі (1980 ж. 1 қаңтар)
Облыстардың атауы Аумағы
(мың км²)
Халық саны
(мың адам)
Халық тығыздығы
(1 км²-ге)
Қала халқының
үлесі (%)
Барлық халық Ауыл халқы
Қазақ КСР (барлығы) 2717,3148385,52,454
Ақтөбе облысы 298,76412,11,843
Алматы облысы 104,787017,46,319
Шығыс Қазақстан облысы 97,38849,13,463
Гурьев облысы 113,03733,31,259
Жамбыл облысы 144,69406,53,543
Жезқазған облысы 313,44531,50,373
Қарағанды облысы 85,4120014,52,085
Қызылорда облысы 228,15742,51,764
Көкшетау облысы 78,46207,93,235
Қостанай облысы 114,59408,34,448
Маңғыстау облысы 166,62611,60,185
Павлодар облысы 127,58116,42,851
Солтүстік Қазақстан облысы 44,357413,07,144
Семей облысы 179,67784,32,148
Талдықорған облысы 118,56105,73,340
Торғай облысы 111,92762,51,533
Орал облысы 151,25893,92,438
Целиноград облысы 124,68106,52,758
Шымкент облысы 116,3159213,77,740
Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%, 1939–1979 жж.)
Ұлт 1939 1959 1970 1979
Қазақтар 38,030,032,636,0
Орыстар 40,242,742,440,8
Украиндар 10,88,27,26,1
Татарлар 1,72,12,22,1
Өзбектер 1,71,51,71,8
Белорустар 0,51,21,51,2
Ұйғырлар 0,60,60,91,0
Кәрістер 1,60,80,60,6
Дүнгендер 0,10,10,10,2
Басқа ұлттар 4,812,810,810,2
3-кесте. Халықтың тууы, өлімі және табиғи өсімі (1000 адамға шаққанда)
Жыл Туылым Өлім-жітім Табиғи өсім
191344,828,915,9
194040,821,419,4
195037,611,725,9
196037,26,630,6
197023,46,017,4
197123,86,017,8
197223,56,317,2
197323,26,516,7
197424,16,717,4
197524,37,217,1
197824,47,417,0
4-кесте. Қазақстандағы әйелдердің жас ерекшелігі бойынша туу коэффициенттері (1969–1970 жж.)
Жас топтары
(жас)
1000 әйелге шаққандағы туғандар саны
Барлық
әйелдер
Қазақ
әйелдері
Орыс
әйелдері
15–4996,3162,759,9
15–1930,018,433,3
20–24192,4221,5159,6
25–29178,0291,7106,9
30–34135,1282,269,5
35–3983,5219,533,7
40–4434,1100,09,8
45–499,029,31,1
2-кесте. Халықтың жас құрылымы және ерлер мен әйелдер арақатынасы (1959–1970 жж.)
Жас топтары
(жас)
Жас құрылымы
(%, барлық халықтан)
1000 әйелге
шаққандағы ерлер саны
1959 1970 1959 1970
Барлық халық100100905928
0–415,411,910381029
5–912,413,410281031
10–147,812,210491035
15–198,39,710751051
20–2410,77,310541040
25–297,95,91048990
30–348,58,98761031
35–394,85,76831045
40–444,46,5694887
45–494,63,8704691
50–543,92,8721664
55–593,53,5523590
60 жас және одан жоғары*7,88,4656562
1-кесте. Халық санының өзгеруі және қала халқы үлесінің өсуі
Жыл Халық саны
(мың адам)
Қала халқы
(мың адам)
Ауыл халқы
(мың адам)
Қала халқының
үлесі (%)
1897433330340307,0
1913555754150569,7
1926602551955068,6
193960821690439227,8
195168132675413839,3
195992954067522843,8
1970130096538647150,3
1976142097506670352,8
1977145017769673254,4
1980148588070678854,0
1972 жылғы Қазақ КСР халық шаруашылығындағы жұмыспен қамту
СалаЖұмысшылар саны (мың адам)
Өнеркәсіп1 095
Ауыл шаруашылығы1 002
Құрылыс568
Көлік және байланыс588
Барлығы (республика бойынша)4 971
1974 жылғы Қазақ КСР ірі қалаларының халық саны
№ҚалаАймақ / СанатХалық саны (мың адам)
1АлматыРеспублика астанасы813
2ҚарағандыОрталық Қазақстан559
3ШымкентОңтүстік Қазақстан284
4СемейШығыс Қазақстан265
5ӨскеменШығыс Қазақстан252
6ПавлодарСолтүстік Қазақстан228
7Тараз (Жамбыл)Оңтүстік Қазақстан228
8ТеміртауОрталық Қазақстан192
9АқтөбеБатыс Қазақстан170
10РудныйСолтүстік Қазақстан105
11Шевченко (Ақтау)Маңғыстау89
12БалқашОрталық Қазақстан80
13ЖезқазғанОрталық Қазақстан74

Қазақстанда Совет билігінің орнауы

1917 жыл

  • 30 қазан — Перовскіде (Қызылорда) Кеңес өкіметі орнады.
  • Қарашаның басы — Шымкентте Кеңес өкіметі орнады.
  • 6 қараша — Әулиеатада (Жамбыл) Кеңес өкіметі орнады.
  • 14 қараша — Орынборда Әскери-революциялық комитет құрылып, қалада Кеңес өкіметін жариялады.
  • 22 қараша — Петропавлда Кеңес өкіметі орнады.
  • 2 желтоқсан — Ордада (Бөкей Ордасы) Кеңес өкіметі орнады.
  • 2–12 желтоқсан — Батыс Сібір Кеңестерінің съезі Дала өлкесінде (Ақмола және Семей облыстары) Кеңес өкіметін жариялады.
  • 25 желтоқсан — Қостанай мен Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.

1918 жыл

  • 8 қаңтар — Ақтөбеде Кеңес өкіметі орнады.
  • 12 қаңтар — Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.
  • 15–16 қаңтар — Орал облыстық шаруалар депутаттарының съезі облыста Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады.
  • 18 қаңтар — Өскеменде Кеңес өкіметі орнады (және Орынбор ақ гвардияшылардан толық азат етілді).
  • 19 қаңтар — Павлодарда Кеңес өкіметі орнады.
  • 16–17 ақпан — Семейде Кеңес өкіметі орнады.
  • 2–3 наурыз — Верный қаласында (Алматы) Кеңес өкіметі орнады.

Негізгі саяси оқиғалар

  • 1920 жылғы 26 тамыз — Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (АКСР) құрылуы.
  • 1921 жылғы 14 наурыз — Верный қаласының атауы Алматы болып өзгертілді.
  • 1925 жылғы ақпан — Астананың Орынбордан Қызылордаға көшірілуі.
  • 1925 жылғы 15–19 сәуір — Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру және Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і деп өзгерту туралы қаулы.
  • 1928 жылғы 27 тамыз — Ірі бай-феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу және жер аудару туралы декрет.
  • 1929 жылғы мамыр — Астананың Қызылордадан Алматыға көшірілуі.
  • 1936 жылғы 5 желтоқсан — КСРО-ның жаңа Конституциясының қабылдануы; Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға (Қазақ КСР) айналуы.
  • 1937 жылғы мамыр-маусым — Қазақстан Коммунистік партиясының құрылуы.
  • 1978 жылғы 20 сәуір — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
  • 1979 жылғы 16 маусым — 1954 жылғы тың игеруге байланысты жазушылар конференциясы.

Тың игеру және экономикалық науқандар

  • 1954 жылғы 2 наурыз — КОКП ОК пленумының «Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысы.
  • 1954 жылғы 27 маусым — Қостанайға алғашқы тың игеруші еріктілердің келуі.
  • 1956 жылғы 10 қазан — Қазақстан колхоздары мен совхоздарының мемлекетке 1 млрд пұт астық тапсыруы.
  • 1960 жылғы 26 желтоқсан — Қазақ КСР құрамында Тың өлкесінің (Целинный край) құрылуы.
  • 1961 жылғы 20 наурыз — Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілуі.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1960 жж., мың га)
Облыстар Жылдар 1954–1960
барлығы
1954 1955 1956 1957 1958 1959 1960
Целиноград облысы 164417341551182831382364308
Көкшетау облысы 14289284451124391202734
Павлодар облысы 10211185406462941872593398
Қостанай облысы 171026021851803391254715612
Солтүстік Қазақстан облысы 759270131815540751330
Республика бойынша 853194361908106418771020164825484

Ғылым және ғарышты игеру

  • 1867 ж. — Орынборда Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің ашылуы.
  • 1932 жылғы 8 наурыз — КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасының құрылуы.
  • 1946 жылғы 1 маусым — Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуы.
  • 1949 жылғы 25 қыркүйек — КСРО-да атом бомбасының сыналғаны туралы ТАСС хабарламасы (Семей полигоны меңзелуде).
  • 1957 жылғы 4 қазан — КСРО-да әлемдегі тұңғыш Жердің жасанды серігінің ғарышқа ұшырылуы (Байқоңырдан).
  • 1961 жылғы 12 сәуір — Ю.А. Гагариннің «Восток» ғарыш кемесімен әлемдегі тұңғыш ғарышқа ұшуы (Байқоңырдан).

Білім беру және мәдени саясат

  • 1841 ж. — Бөкей Ордасында қазақ балаларына арналған орыс мектебінің ашылуы.
  • 1850 ж. — Орынборда қазақ балаларына арналған тұңғыш зайырлы жетіжылдық мектептің ашылуы.
  • 1919 жылғы 26 желтоқсан — Сауатсыздықты жою туралы декрет.
  • 1928 жылғы қыркүйек — Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ашылуы.
  • 1929 жылғы 20 желтоқсан — Латын әліпбиіне көшу туралы қаулы.
  • 1930 жылғы 27 тамыз — Республикада жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы қаулы.
  • 1934 жылғы 15 қаңтар — Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) ашылуы.
  • 1940 жылғы 10 қараша — Орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге (кириллица) көшу туралы заң.
  • 1957 жылғы 7 желтоқсан — Жалпыға бірдей міндетті оқыту туралы Жарлық.
  • 1959 жылғы 28 наурыз — Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы заң.

Көлік және ірі құрылыстар

  • 1903–1905 жж. — Орынбор — Ташкент темір жолының салынуы.
  • 1930 жылғы 1 мамыр — Түркістан-Сібір (Түрксіб) темір жолының ашылуы.
  • 1953 жылғы 27 қазан — Мойынты — Шу темір жол желісінің пайдалануға берілуі.
  • 1953 жылғы 20 желтоқсан — Ақмола — Павлодар темір жол желісінің пайдалануға берілуі.
  • 1964 жылғы 29 маусым — Мақат — Ақтау темір жол магистралі құрылысының аяқталуы.
  • 1970 жылғы 2 шілде — Ертіс — Қарағанды каналы құрылысының аяқталуы.
  • 1970 жылғы 25 желтоқсан — Алматы — Фрунзе (Бішкек) — Ташкент автомагистралі құрылысының аяқталуы.
  • 1975 жылғы 26 желтоқсан — Ту-144 дыбыстан жүйрік жолаушылар ұшағының Мәскеу — Алматы бағыты бойынша алғашқы тәжірибелік ұшуы.

Мәдениет және өнер

  • 1926 жылғы 13 қаңтар — Қазақ мемлекеттік драма театрының ашылуы.
  • 1934 жылғы 13 қаңтар — Қазақ мемлекеттік музыкалық театрының (қазіргі Абай атындағы Опера және балет театры) ашылуы.
  • 1941 ж. — «Қазақфильм» студиясы өз жұмысын бастады.
  • 1975 жылғы 7 мамыр — Алматыда Кеңестік Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қаза тапқандарға арналған Даңқ мемориалының ашылуы.
  • 1975 жылғы 11–13 қыркүйек — Алматыда әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтті.

Әлеуметтік сала және халық санағы

  • 1897 ж. — Ресей империясында халықты жалпыға бірдей санау жүргізілді.
  • 1959 жылғы 15–22 қаңтар — Бүкілодақтық халық санағы.
  • 1967 жылғы 14 наурыз — Кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылары мен қызметшілері екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасына көшірілді.
  • 1970 жылғы 15 қаңтар — Бүкілодақтық халық санағы.
  • 1979 жылғы 17–22 қаңтар — Бүкілодақтық халық санағы.

Ұлы Отан соғысы кезеңі (1941–1945)

  • 1941 жылғы 16 қараша — Волоколамск тас жолындағы Дубосеково айрығында 28 гвардияшы-панфиловшылардың ерлігі.
  • 1941 жылғы 14 қараша — Республикада ұлттық әскери құрамаларды жасақтау туралы қаулы қабылданды.
  • 1941 жылғы 11 желтоқсан — Эвакуацияланған кәсіпорындарды орналастыру және іске қосу жөніндегі комиссия құрылды.
  • 1944 жылғы 2 сәуір — Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық жарияланды (құжатта А. Молдағұлова мен М. Мәметованың есімдері осы жылдар аралығында көрсетілген).
  • 1945 жылғы 9 мамыр — Фашистік Германияны жеңген Жеңіс күні.

Өнеркәсіп

  • 1784 жыл — Ф. Риддердің Алтайда қорғасын-күміс кеніштерін ашуы.
  • 1791 жыл — Зырян кеніштері жұмысының басталуы.
  • 1896 жыл — Зырян тау-кен өндірісі қоғамының құрылуы.
  • 1904 жыл — «Қырғыз (Қазақ) тау-кен өндірісі акционерлік қоғамының» құрылуы.
  • 1911 жыл — Доссорда мұнай кәсіпшілігінің ашылуы.
  • 1918 жылғы 11 мамыр — РКФСР ХКК-нің Қырғыз тау-кен өндірісі акционерлік қоғамының кәсіпорындарын, Спасск мыс қорыту зауытын, Батыс Сібір кеніштерін және Риддер қоғамының кәсіпорындарын мемлекет меншігіне алу туралы қаулысы.
  • 1930 жылғы наурыз — Ақтөбе химия комбината құрылысының басталуы.
  • 1931 жылғы 15 тамыз — БК(б)П ОК-нің Қарағандыда еліміздің үшінші көмір базасын құру туралы шешімі.
  • 1934 жылғы қаңтар — Шымкент қорғасын зауытының бірінші кезегі іске қосылды.
  • 1938 жылғы 24 қараша — Балқаш мыс қорыту зауытының 1-ші кезегі іске қосылды.
  • 1941 жылғы — Өнеркәсіпті әскери өнім шығаруға көшіру жоспарларының бекітілуі.
  • 1942 жылғы 24 қыркүйек — БК(б)П ОК-нің Қарағанды көмір бассейнінде көмір өндіруді арттыру туралы қаулысы.
  • 1943 жылғы 20 қаңтар — Ақтөбе ферроқорытпа зауыты елімізге алғашқы өнімін берді.
  • 1944 жылғы 31 желтоқсан — Теміртау қаласында Қазақстандағы тұңғыш металлургиялық зауыттың іске қосылуы.
  • 1946 жылғы 10 желтоқсан — Қаратау тау-кен химия комбинаты іске қосылды.
  • 1947 жылғы 18 қыркүйек — Өскемен жылу электр орталығы (ЖЭО) өндірістік ток берді.
  • 1947 жылғы 25 қыркүйек — Өскемен мырыш зауыты іске қосылды.
  • 1952 жылғы 25 маусым — Өскемен қорғасын-мырыш зауыты іске қосылды.
  • 1953 жылғы 1 шілде — Өскемен СЭС-і іске қосылды.
  • 1957 жылғы 25 тамыз — Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды.
  • 1960 жылғы 4 қаңтар — Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының 1-ші кезегі іске қосылды.
  • 1960 жылғы 2 шілде — Қарағанды металлургиялық комбинатының алғашқы домна пеші іске қосылды.
  • 1960 жылғы 14 тамыз — Бұқтырма СЭС-інің бірінші агрегаты пайдалануға берілді.
  • 1960 жылғы 1 желтоқсан — Қарағанды металлургиялық зауытының 1-ші кокс батареясы іске қосылды; алғашқы қазақстандық кокс алынды.
  • 1961 жылғы 25 қараша — Қазақстанда синтетикалық каучук өндірісі басталды.
  • 1962 жылғы 3 қаңтар — Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының 2-ші кезегі іске қосылды.
  • 1962 жылғы 1 қазан — Қазақстан Магниткасының бірінші мартен пеші іске қосылды.
  • 1962 жылғы 21 желтоқсан — Қарағанды металлургиялық зауытының 4-ші кокс батареясы іске қосылды (кокс-химия өндірісінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталды).
  • 1965 жылғы шілде — Өзен мұнай-газ кен орнының бірінші кезектегі нысандарының құрылысы аяқталды, алғашқы Маңғыстау мұнайы алынды.
  • 1965 жылғы қазан — Жетіқара асбест комбинатының бірінші кезегі іске қосылды.
  • 1968 жылғы 18 қаңтар — Ермак (Ақсу) ферроқорытпа зауыты іске қосылды.
  • 1970 жылғы 18 сәуір — Қарағанды металлургиялық зауытында алғашқы қазақстандық конвертерлік болат алынды.
  • 1970 жылғы 3 шілде — Ермак зауытының қорыту цехы толық жобалық қуатында іске қосылды; Соколов-Сарыбай комбинатында ылғалды магниттік айыру фабрикасы іске қосылды.
  • 1970 жылғы 4 желтоқсан — «Екібастұзкөмір» комбинатының №5 Ертіс көмір кенішінің бірінші кезегі іске қосылды.
  • 1970 жылғы 20 желтоқсан — Қапшағай СЭС-і ток берді.
  • 1970 жылғы 24 желтоқсан — Саяқ мыс кеніші іске қосылды.
  • 1971 жылғы 26 наурыз — Қарағанды металлургиялық комбинатында №3 қуатты домна пеші іске қосылды.
  • 1976 жылғы 4 тамыз — Қазақ КСР-інің жер қойнауы туралы кодексі бекітілді.
  • 1978 жылғы 27 желтоқсан — Химия алыбы — Жаңа Жамбыл фосфор зауыты іске қосылды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі

  • 1938 жылғы 24 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлау.
  • 1938 жылғы 15–17 шілде — 1-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы.
  • 1940 жылғы 10 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу туралы заң қабылдады.
  • 1941 жылғы 16 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР мемлекеттік әнұраны туралы» Жарлығы.
  • 1941 жылғы 17 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-інің 25 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясы.
  • 1942 жылғы 28 мамыр — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы мен ХКК Ленинград қорғаушыларына хат жолдады.
  • 1947 жылғы 16 ақпан — 2-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы.
  • 1957 жылғы 7 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР-інде балаларды жалпыға бірдей міндетті оқыту туралы» Жарлығы.
  • 1959 жылғы 28 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады.
  • 1959 жылғы 4 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» заң қабылдады.
  • 1961 жылғы 20 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Ақмола қаласын Целиноград деп өзгерту туралы Жарлығы.
  • 1962 жылғы 6 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР ауыл халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту шаралары мен жай-күйі туралы» қаулы қабылдады.
  • 1963 жылғы 3 наурыз — 6-шы шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне және жергілікті кеңестерге сайлау.
  • 1968 жылғы 20 желтоқсан — «Қазақ КСР еңбекшілер депутаттарының ауылдық, поселкелік Кеңестері туралы» заң қабылданды.
  • 1971 жылғы 13 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау.
  • 1973 жылғы 15 тамыз — Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің республикаға Халықтар достығы орденін тапсыруға арналған бірлескен салтанатты мәжілісі.
  • 1975 жылғы 14 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау.
  • 1977 жылғы 16 ақпан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының республика құрамында жаңа аудандар құру туралы Жарлығы жарияланды.
  • 1978 жылғы 20 сәуір — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдады).
  • 1978 жылғы 20 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау туралы Заң бекітілді.

Қазақстан Компартиясының съездері

  • 1937 жылғы 5–9 маусым — Қазақстан КП-ның 1-ші съезі.
  • 1938 жылғы 4–14 шілде — Қазақстан КП(б)-ның 2-ші съезі.
  • 1940 жылғы 10–18 наурыз — Қазақстан КП(б)-ның 3-ші съезі.
  • 1949 жылғы 25 ақпан – 1 наурыз — Қазақстан КП(б)-ның 4-ші съезі.
  • 1951 жылғы 15–18 желтоқсан — Қазақстан КП(б)-ның 5-ші съезі.
  • 1952 жылғы 20–24 қыркүйек — Қазақстан КП(б)-ның 6-шы съезі.
  • 1954 жылғы 16–18 ақпан — Қазақстан КП-ның 7-ші съезі.
  • 1956 жылғы 24–27 қаңтар — Қазақстан КП-ның 8-ші съезі.
  • 1959 жылғы 14–15 қаңтар — Қазақстан КП-ның кезектен тыс 9-шы съезі.
  • 1960 жылғы 10–12 наурыз — Қазақстан КП-ның 10-шы съезі.
  • 1961жылғы 27–29 қыркүйек — Қазақстан КП-ның 11-ші съезі.
  • 1966 жылғы 10–12 наурыз — Қазақстан Компартиясының 12-ші съезі.
  • 1971 жылғы 24–26 ақпан — Қазақстан Компартиясының 13-ші съезі.
  • 1976 жылғы 4–6 ақпан — Қазақстан Компартиясының 14-ші съезі.
  • 1981 жылғы 4–6 ақпан — Қазақстан КП-ның 15-ші съезі

Қазақстан ЛКЖО (Комсомол) съездері

  • 1937 жылғы 2–9 қазан — Қазақстан комсомолының 1-ші съезі (өлкелік ұйымның Қазақстан ЛКЖО болып қайта құрылуы).
  • 1939 жылғы 12–21 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 2-ші съезі.
  • 1940 жылғы 25–30 қыркүйек — Қазақстан ЛКЖО-ның 3-ші съезі.
  • 1948 жылғы 3–4 маусым — Қазақстан ЛКЖО-ның 4-ші съезі.
  • 1950 жылғы 10–11 шілде — Қазақстан ЛКЖО-ның 5-ші съезі.
  • 1953 жылғы 2–3 сәуір — Қазақстан ЛКЖО-ның 6-шы съезі.
  • 1955 жылғы 3–4 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 7-ші съезі.
  • 1955 жылғы 20–22 желтоқсан — Қазақстан ЛКЖО-ның 8-ші съезі.
  • 1958 жылғы 20–22 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 9-шы съезі.
  • 1962 жылғы 27–28 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 10-шы съезі.
  • 1966 жылғы 20–21 сәуір — Қазақстан ЛКЖО-ның 11-ші съезі.
  • 1970 жылғы 11–12 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 12-ші съезі.
  • 1974 жылғы 18–19 ақпан — Қазақстан ЛКЖО-ның 13-ші съезі.
  • 1978 жылғы 9–10 наурыз — Қазақстан ЛКЖО-ның 14-ші съезі

Қоғамдық ұйымдар

Қазақстан Жазушылар одағының съездері

  • 1934 жылғы 12–20 маусым — Қазақстан жазушыларының 1-ші съезі.
  • 1939 жылғы 21–26 маусым — Қазақстан жазушыларының 2-ші съезі.
  • 1954 жылғы 3–8 қыркүйек — Қазақстан жазушыларының 3-ші съезі.
  • 1959 жылғы 9–11 наурыз — Қазақстан жазушыларының 4-ші съезі.
  • 1966 жылғы Мамыр — Қазақстан кеңес жазушыларының 5-ші съезі.
  • 1971 жылғы 26 мамыр — Қазақстан жазушыларының 6-шы съезі.
  • 1976 жылғы 15 сәуір — Қазақстан кеңес жазушыларының 7-ші съезі.

Газет пен журналдар

  • 1919 жылғы 17 желтоқсан — «Социалистік Қазақстан» газетінің шығуы (1919 — «Ұшқын», 1920 — «Еңбек туы» , 1921 — «Еңбекшіл қазақ» , 1925 — «Еңбекші қазақ» , 1932 — «Социалды Қазақстан» , 1937 жылдан бастап — «Социалистік Қазақстан», 1991 жылдан бастап «Егеменді Қазақстан»).
  • 1920 жылғы 1 қаңтар — «Казахстанская правда» газетінің шығуы (1920 — «Известия Киргизского края» , 1921 — «Степная правда», 1923 — «Советская степь» , 1932 жылдан бастап — «Казахстанская правда»).
  • 1920 жылғы қыркүйек — "Партийная жизнь Казахстана" журналының шығуы (1921–25 — «Известия Киробкома РКП(б)» , 1925–26 — «Красный Казахстан» , 1927–30 — «За партию» , 1931–52 — «Большевик Казахстана» , 1952–57 — «Коммунист Казахстана», 1958 жылдан бастап — «Партийная жизнь Казахстана»).
  • 1921 жылғы 22 наурыз — «Лениншіл жас» газетінің шығуы (1921 — «Жас алаш» , 1922 — «Жас қайрат» , 1927 жылдан бастап — «Лениншіл жас» ).
  • 1921 жылғы қыркүйек — «Қазақстан коммунисі» журналының шығуы (1925–29 — «Қызыл Қазақстан» , 1930–31 — «Ауыл коммунисі» , 1931–52 — «Қазақстан большевигі» , 1952–57 — «Қазақстан коммунисі»).
  • 1921 жылғы 21–22 желтоқсан — Орынборда Киробком РК(б)П органы «Красный Киргизстан» (Қазақстан) журналының шығуы.
  • 1922 жылғы 16 қаңтар — «Ленинская смена» газетінің шығуы (1922 — «Юношеская правда», 1924 — «Комсомолец», 1928 жылдан бастап — «Ленинская смена» ).
  • 1923 жылғы ақпан — «Темір қазық» журналының шығуы.
  • 1923 жылғы 1 шілде — «Қазақстан» журналының шығуы.
  • 1925 жылғы мамыр — «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналының бірінші нөмірінің жарық көруі.
  • 1925 жылғы тамыз — «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналының бірінші нөмірінің жарық көруі.
  • 1927 жылғы ақпан — «Жаңа әдебиет» (қазіргі «Жұлдыз» ) журналының бірінші нөмірінің жарық көруі.
  • 1933 жылғы тамыз — «Простор» журналының бірінші нөмірінің шығуы.
  • 1934 жылғы 10 қаңтар — «Қазақ әдебиеті» газетінің бірінші нөмірінің жарық көруі.
  • 1936 жылғы маусым — «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының шығуы.
  • 1937 жылғы маусым — «Жас большевик» журналының шығуы.
  • 1938 жылғы сәуір — «Агитатор Казахстана» журналының шығуы.
  • 1938 ж. — «Ленин кичи» («Ленин туы») газетінің жарық көруі.
  • 1944–1956 жж. — «Жаңа өмір» журналының жарық көруі.
  • 1956 жылғы наурыз — «Ара» журналының жарық көруі.
  • 1957 жылғы 1 наурыз — Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туги» газетінің бірінші нөмірінің шығуы.
  • 1958 жылғы сәуір — «Кооператор Казахстана» журналының шығуы.
  • 1958 жылғы шілде — «Балдырған» журналының шығуы.
  • 1958 жылғы шілде — «Мәдениет және тұрмыс» журналының шығуы.
  • 1969 жылғы маусым — «Жалын» альманағының шығуы.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Шығыс Рим империясы

  • Сәуір 10, 2026

    Еңбекші Қазақ газеті

  • Сәуір 08, 2026

    Зеренді ауданы

  • Сәуір 26, 2026

    Қараөзен (айрық)

  • Сәуір 15, 2026

    Сырдария өзені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары