Қайта қаржыландыру - мемлекеттің несие саясатының әдісі, ескі берешекті жаңа міндеттемелер қабылдау жолымен өтеу. Ол мынадай нысанда жүзеге асырылады: Ұлттық (орталық) банкінің II деңгейдегі банкілерді несиелендіруі, мұнда қайта қаржыландыру мөлшерлемесі дейтін белгіленеді; қарыз шарттарын өзгерту немесе мерзімі өткен бағалы қағаздарды өтеу үшін жаңа бағалы қағаздар (облигациялар, вексельдер, т. б.) шығару; борыш, қарыз мерзімін ұзарту немесе сомасын көбейту. Коммерциялык банкілердің банк аралық не нарығында өзара несие алысу, халықаралық қаржы нарықтары еурооблигациялар шығару, сондай-ақ синикатталған несие жолымен Қайта қаржыландыруға мүмкіндігі бар.
- Экономика
- Қаржы