Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қали Жантілеуов (1902 жыл, Орал облысы — 1993 жыл) — әнші, домбырашы-күйші. Қазақстанның халық әртісі. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.

Қали Жантілеуов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қали Жантілеуов (1902 жыл, Орал облысы — 1993 жыл) — әнші, домбырашы-күйші. Қазақстанның халық әртісі. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.

Домбырада бес жасынан ойнады. Оның ұстазы күйші Төлеш болған. Нұртазы, Мәмен және тағы басқалары атақты күйшілерден орындау мәнерін жетілдірген. Қали домбыра құлағында ойнайтын шебер орындаушы ғана емес, керемет әнші де болған.

  • 1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық халық орындаушыларының слетінде бірінші орын алып, халық аспаптары оркестріне жұмысқа шақырылады.
  • 1944 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар кафедрасының алғашқы дәріскерлерінің бірі.

Жантілеуов халықтың музыкасын жақсы білген (күйлерді), орындау мәнерін жетік меңгерген. Көптеген жас домбырашылар оның батасын алу үшін келетін болған. Оның шәкірттері Шамғон Қажығалиев, Рүстембек Омаров, Фуат Мансұров, Нұрғиса Тілендиев және т. б.

Жоғары