Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қалмақ тілі (Kalmyk language) — Алтай тілдері отбасының батыс-моңғолдық тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады, екінші буынға дейін қ

Қалмақ тілі

  • Басты бет
  • Қалмақ тілі

Қалмақ тілі (Kalmyk language) — Алтай тілдері отбасының батыс-моңғолдық тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады, екінші буынға дейін қоса алғанда, таңдай үндестігімен сипатталады. – Қалмақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1999).

Қалмақ тілі
Өз атауы:

Kalmyk language

Елдер:

Ресей

Сөйлеушілер саны:

107 742 (2021 ж., Ресейде)

Классификация

Еуразия тілдері

алтай тілдері отбасы
батыс-моңғолдық тобы
Жазуы:

кириллица

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

кал 260

ISO 639-1:

xal

ISO 639-2:

xal

ISO 639-3:

xal

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Мазмұны

Референтті халық

Референтті халық: қалмақтар; өз атауы – хальмг.

Географиялық таралуы

Қалмақ ұлты жалпы б.з. ХV ғ. қалыптасты, осы кезде ойраттар (құрамына қалмақтар кіретін батыс моңғолдар) Жоңғарияда дербес хандықты құрды. ХVI ғ. қалмақ хандықтары «Дербен-ойрат» («Төрт ойрат») Одағына бірікті. Бұл одаққа кірген халықтар қазіргі қалмақтардың тікелей ата-бабалары болып табылады. ХVII ғасырдың бірінші жартысында қалмақтарды Жоңғариядан Ресейге қарай ығыстыру және оларды Төменгі Еділ бойымен қоныстандыру басталады.

Қазіргі кезде қалмақ тілінде Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Қалмақстан Республикасы аумағында сөйлейді.

Диалектісі

Оның 3 диалектісі бар: Дербет (дэр­бэт­), Торғұт және Бузавский (Дон қалмақтары).

Жазуы

1648 жылдан 1924 жылға дейін қалмақтар ұйғыр графикалық негізінде Тодо Бичг (Айқын жазу) жазуын пайдаланды; 1924 жылдан 1931 жылға дейін жазу орыс (кирилл) графикасына, 1931 жылы латын әліпбиіне аударылды. Алайда 1938 жылдан бастап жазу орыс (кирилл) графикасына қайтарылды. Қытай қалмақтары ескі жазуларды қолдануды жалғастыруда.

Ресейде қолданылатын қалмақ әліпбиі:

А а Ә ә Б б В в Г г Һ һ Д д Е е Ё ё
Ж ж Җ җ З з И и Й й К к Л л М м Н н
Ң ң О о Ө ө П п Р р С с Т т У у Ү ү
Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь
Э э Ю ю Я я
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Химиялық қосылыстар

  • Наурыз 11, 2026

    Философия

  • Наурыз 13, 2026

    Алланың есімдері

  • Сәуір 03, 2026

    Айя София

  • Сәуір 04, 2026

    Мұхаммед пайғамбар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары