Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дене тұрқы 56 – 94 см, салм. 2,6 – 12 кг, құйрығының ұзындығы 21 – 30 см-дей. Тік тұратын құлағының ұшында кішкентай тұлымы немесе шашағы бар. Аяқтары мен құйры

Қамыс мысығы

  • Басты бет
  • Қамыс мысығы

Қамыс мысығы , алаяқ мәлін (лат. Felis chaus) – сүтқоректілер класы, мысық тұқымдасына жататын аң.

Қамыс мысығы
Қамыс мысығы
Қамыс мысығы
Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Felidae
Тегі: Felis
Түрі: F. chaus
Екі-есімді атауы
Felis chaus
Иоганн Христиан фон Шребер, 1777
Jungle Cat range
Jungle Cat range


Дене тұрқы 56 – 94 см, салм. 2,6 – 12 кг, құйрығының ұзындығы 21 – 30 см-дей. Тік тұратын құлағының ұшында кішкентай тұлымы немесе шашағы бар. Аяқтары мен құйрығында аздаған теңбілдері болады. Қамыс мысығы Африканың солтүстік-шығысынан, Қытайдың оңтүстік-шығысына дейінгі аймақта кездеседі. Қазақстанда қамыс мысығы Атырау облысы аумағы мен Арал теңізінің жағалауында тіршілік еткен, қазір ол жерлерде кездеспейді. Өзен-көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді; құм қояны, кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет, қаңтар – сәуір айларында мауығып, 2 айдан соң, 3 – 5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Аң шаруашылықтарына зиян келтіреді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 11, 2026

    Жұмалиев Қажым

  • Сәуір 22, 2026

    Чанаккале (ил)

  • Сәуір 23, 2026

    Сүйіндік (Арғын)

  • Сәуір 15, 2026

    Тофа тілі

  • Сәуір 02, 2026

    Географиялық нысан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары