Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қантүзу мүшелері (organa haemopoetica, гр. organon — мүше, haima, haemo — қан және poiesis - түзу) — қан жасушалары түзілетін мүшелер. Қантүзу мүшелеріне сүйект

Қантүзу мүшелері

  • Басты бет
  • Қантүзу мүшелері

Қантүзу мүшелері (organa haemopoetica, гр. organon — мүше, haima, haemo — қан және poiesis - түзу) — қан жасушалары түзілетін мүшелер. Қантүзу мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), лимфа түйіндері, көкбауыр, құстарда фабриций қапшығы, ас қорыту және басқа да түтікше мүшелердің кілегейлі қабығында орналасқан лимфа түйіншелері (митоздықминдалина — бадамша без, ішек лимфа түйіншелері) жатады. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус, фабриций қапшығы, ал қалғандары шеткі қан жасау мүшелеріне жатады. Қантүзу мүшелерінің негізін (строма) ретикулалы ұлпа, ал тимус пен тың-торлы эпителий құрайды. Қантүзу мүшелеріндегі діңгекті және жартылай діңгекті жасушалардан қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) дамиды. Қантүзу мүшелерінде — қантүзу процесімен қатар қорғаныс қызметі де іс жүзіне асады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 17, 2026

    Әлжаппар Әбішев

  • Мамыр 31, 2026

    Сары түс

  • Маусым 03, 2026

    Шатқал жотасы

  • Сәуір 09, 2026

    Гримм заңы

  • Сәуір 30, 2026

    Аланд аралдары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары