Қарабидайық, Жангелді, Бидайық – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
| Қарабидайық өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 80 км |
| Су алабының ауданы | 1600 км² |
| Су алабы | Балқаш |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Бесшоқы, Жуанқоңыр таулары |
| • Координаттары | 48°24′58″ с. е. 73°52′31″ ш. б. / 48.41611° с. е. 73.87528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Ақшатау кентінің батысында 10 км жерде тартылып қалады |
| • Координаттары | 47°59′41″ с. е. 73°52′26″ ш. б. / 47.99472° с. е. 73.87389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°59′41″ с. е. 73°52′26″ ш. б. / 47.99472° с. е. 73.87389° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Қарағанды облысы Шет ауданы |
Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Бесшоқы, Жуанқоңыр тауларынан алып, Ақшатау кентінің батысында 10 км жерде тартылып қалады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1600 км2. Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,20 – 0,30 м2/с. Жайылмасы – шабындық, суымен егін суғарылады.