Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әйтеке би ауданы (бұрынғы Қарабұтақ ауданы) — 1935-1997 жылдары Ақтөбе облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Қарабұтақ ауылы.

Қарабұтақ ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Аудан
Әйтеке би ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Ақтөбе губерниясы, Ақтөбе округі, Ақтөбе облысы

Енеді

6 ауылдық округ (1997)

Әкімшілік орталығы

Қарабұтақ

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1921-1922, 1928-1930, 1935—1997

Тұрғындары
Тұрғыны

9 561 адам (2009)

Әйтеке би ауданы (бұрынғы Қарабұтақ ауданы) — 1935-1997 жылдары Ақтөбе облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Қарабұтақ ауылы.

Тарихы

Қарабұтақ ауданы 1921 жылы 21 қазанда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының болыстарының бөліктерінен құрылды. 1922 жылы 24 шілдеде Қарабұтақ ауданы таратылып, аумағы Ырғыз ауданына қайтарылды.

1928 жылы Қарабұтақ ауданы Ақтөбе округінің құрамында қалпына келтірілді. 1930 жылы шілдеде Қарабұтақ ауданы таратылып, аумағы Ырғыз және Шалқар аудандарының арасында бөлініп алынды.

1935 жылы 29 желтоқсанда Қарабұтақ ауданы Ақтөбе облысының құрамында Ырғыз ауданынан бөлу арқылы қалпына келтірілді.

1951 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Алға, Аралтоғай, Аралтөбе, Белқопа, Бөгетсай, Қайрақты, Қарабұтақ, Қызылжар, Ыскөл, Тасөткел, Түйемойнақ.

1954 жылы Түйемойнақ ауылдық кеңесі Ыскөл ауылдық кеңесіне қосылды.

1956 жылы Талдысай, Жамбыл ауылдық кеңестері құрылды.

1957 жылы Белқопа, Қайрақты, Оймауыт ауылдық кеңестері Бөгетсай ауылдық кеңесіне, Алға, Аралтөбе ауылдық кеңесі Қарабұтақ ауылдық кеңесіне, Ыскөл ауылдық кеңесі Аралтоғай ауылдық кеңесіне қосылды. Тасөткел ауылдық кеңесі таратылды.

1959 жылы ауданда 6 ауылдық кеңес қалды: Аралтоғай, Бөгетсай, Жамбыл, Қарабұтақ, Қызылжар, Талдысай.

1993 жылы 4 мамырда Қарабұтақ ауданы Әйтеке би ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 17 маусымда Әйтеке би ауданы жойылды. Ал бұрынғы Бөгеткөл ауданы Әйтеке би ауданы атауын алды. Таратылған ауданның Ақкөл, Аралтоғай, Қайрақты, Қызылжұлдыз ауылдық округтерi Әйтеке би ауданына (бұрынғы Бөгеткөл ауданы), Бөгетсай, Тасөткел ауылдық округтерi Хромтау ауданына берілді.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 7 ауылдық кеңес пен 29 елді мекен болған:

Ауылдық кеңесОрталығыЕлді мекендері
Ақкөл ауылдық кеңесіАқкөл ауылыАқкөл, Бұлақ, Кілемжайған, Қандысор
Аралтоғай ауылдық кеңесіАралтоғай ауылыАралтоғай, Жақып, Қызылқұдық, Милысай
Бөгетсай ауылдық кеңесіБөгетсай ауылыАмангелді, Бөгетсай, Қарлау, ІІІ Интернационал, Шіліксай
Қайрақты ауылдық кеңесіТалдық ауылыАтпа, Қайрақты, Талдық
Қарабұтақ ауылдық кеңесіҚарабұтақ ауылыБалжанай, Белқопа, Еңбекту, Жарөткел, Қарабұтақ, Қостерек, Қызылту
Қызылжұлдыз ауылдық кеңесіАралтөбе ауылыАқсуат, Аралтөбе, Қаракісі
Тасөткел ауылдық кеңесіТасөткел ауылыАқтасты, Тасөткел, Үйтас

Халқы

19391959197019791989
 1663112346172591983619718
Жоғары