Қаржантау – Өгем жотасының батысындағы тау жотасы.
| Қаржантау жотасы | |
Қаржантау жотасының шатқалы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 85-90 км |
| Ені | 15-20 км |
| Ең биік шыңы | Мыңбұлақ тауы |
| Биіктігі | 2828 м |
| Орналасуы | |
| 41°43′01″ с. е. 69°49′57″ ш. б. / 41.71694° с. е. 69.83250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°43′01″ с. е. 69°49′57″ ш. б. / 41.71694° с. е. 69.83250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |

Географиялық орны
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы (солтүстік етегі Сайрам ауданы) жерінде орналасқан. Келес, Өгем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 85-90 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Ең биік жері - Мыңбұлақ тауы (2823 м).
Геологиялық құрылымы
Тас көмірдің әктас, гранит жыныстарынан түзіліп, сай-жыралармен тілімделген.
Су торабы мен өсімдігі
Қаржантаудың батыс беткейінен Мұғалысай, Көкпарсай, Қаржансай, Жүзімсай, Ұялысай, Қызылатсай, Бадам өзендері бастау алып, шығысында Өгем өзені ағып өтеді. Таудың шалғынды, қоңыр топырағында бидайық, жусан, т.б. шөптесіндер, бұталар, аршалы сирек орман, жабайы жеміс ағаштары өседі.
