Қарқаралы уезі – Ресей империясы Семей облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
| Уез | |
| Қарқаралы уезі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел | |
| Кіреді | Семей облысы |
| Әкімшілік орталығы | Қарқаралы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 21 қазан 1868 |
| Таратылған уақыты | 17 қаңтар 1928 |
| Жер аумағы | 189 210 км² |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 171 655 адам (1897) |
Уез орталығы — Қарқаралы қаласы.
Тарихы
Уез 1868 жылы 21 қазанда Қарқаралы сыртқы округінен құрылды. Қарқаралы сыртқы округі 1824 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының Омбы облысы құрамында құрылды. Қарқаралы уезі 1928 жылы 17 қаңтарда таратылды (1928 жылы 3 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетімен бекітілді), ал болыстардан Қарқаралы ауданы мен Сырдария округінің бір бөлігі, Абыралы және Дегелең болыстарынан Абыралы ауданы, Ақсары (бөлігі), Берікқара (бөлігі) — Ақсары ауданын құрды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1900 жылы 22 болыстан тұрды: Абыралы, Ақбота, Ақсары, Ақшатау, Балқаш, Берікқара, Бөрілі, Дағандел, Дегелең, Қотанбұлақ, Кент, Қу, Қызылтау, Мойынты, Нұра, Сарытау, Сарыбұлақ, Темірші, Тоқырауын, Шұбартау, Шу, Едірей.
Қарқаралы уезі келесі станицалар мен болыстардан тұрды:
- Қарқаралы
- Қызылтау, (Қояншытағай болысы)
- Кент,
- Абыралы,
- Ақбота,
- Сарытау,
- Нұра, (Әлтеке-Сарым болысы)
- Тоқырауын, (Әлтеке-Сарым болысы)
- Бөрілі,
- Едірей,
- Ақсары,
- Темірші,
- Дегелең,
- Қу,
- Қотанбұлақ,
- Батыс Балқаш,
- Мойынты (Кәрсөн, Керней-Кәрсөн)
- Шұбартау.
1926 жылдың 1 қаңтарындағы болыстар:
- Абыралы болысы
- Ақсары (орталығы — Карбышевское а.)
- Бауыр (орталығы — Бөрілі мекені)
- Берікқара
- Дегандан
- Дегелең
- Қотан-Балқаш (орталығы — Қотанбұлақ мекені)
- Кедей (орталығы — Тоқырау мекені)
- Кент
- Қызылтау
- Меңдеш (орталығы — Қу мекені)
- Темірші
- Шет (орталығы — Мойынты мекені)
- Шұбартау
- Едірей
- Балқаш
Уезд басшылары
Уез басшылары
| Уездік партия комитетінің жетекшілері
|