| Қарқара | |
|---|---|
![]() Қарқара өзенінің тау аңғары | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 113 км |
| Су алабының ауданы | 1970 км² |
| Су алабы | Іле |
| Өзендердің су алабы | Балқаш көлі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс беткейі |
| • Координаттары | 42°46′48″ с. е. 79°17′03″ ш. б. / 42.78000° с. е. 79.28417° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Шарын өзені |
| • Координаттары | 43°01′46″ с. е. 79°03′32″ ш. б. / 43.02944° с. е. 79.05889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°01′46″ с. е. 79°03′32″ ш. б. / 43.02944° с. е. 79.05889° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Алматы облысы Райымбек ауданы |
Қарқара – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алқабы 1970 км².
Бастауы
Бастауын Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс беткейлерінен басталып (Ақтас, Қақпақ, Оралма, т.б. таулардан), Тиектас тұсынан Шарын өзеніне құяды.
Қарқара өзені үлкен және құнарлы, әйгілі Каркара алқабымен ағып өтеді (биіктігі 2000 м-ден астам), мал жаюға және ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы жағдай жасалған, мықты климат бар. Қолайлы климаттың арқасында картоп пен бидайдан мол және тұрақты егін жиналды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар жылқы және қой өсірумен айналысады.
Гидрологиясы
Жалпы ұзындығы 229 км болатын 140-тан астам салалары бар. Сондай-ақ өзен алабында 22 шағын көл орналасқан. Ірі салалары: Желқарқара, Көкжар (Қазақстанда), Тұрық, Шоң, Жалаңаш (Қырғызстанда), т.б. Аңғары тар, шатқалды. Қар және бұлақ суларымен қорланады. Жылдық орташа су ағымы 11.3 м³/сек. Ағаш ағызылады, егін суарылады.
- Алфавит бойынша өзендер
- Райымбек ауданы өзендері
- Іле су алабы
