Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

42°54′36″ с. е. 75°32′33″ ш. б. / 42.91000° с. е. 75.54250° ш. б. / 42.91000; 75.54250 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°54′36″ с. е. 75°32′33″ ш. б. / 42.91000° с. е

Қастек жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қастек жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Іле Алатауы

Пайда болған кезеңі

тас көмір

Ұзындығы

60 км

Ені

25 км

Биіктігі

2782 м

Орналасуы

42°54′36″ с. е. 75°32′33″ ш. б. / 42.91000° с. е. 75.54250° ш. б. / 42.91000; 75.54250 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°54′36″ с. е. 75°32′33″ ш. б. / 42.91000° с. е. 75.54250° ш. б. / 42.91000; 75.54250 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

Қазақстан, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қырғызстан аумағына қарасты жер

Қастек жотасы (Қазақстан)
Қастек жотасы (Қазақстан)
Қастек жотасы
Қастек жотасы (Алматы облысы)
Қастек жотасы
 Басқа мағыналар үшін Қастек деген бетті қараңыз.

Қастек жотасыІле Алатауының батысындағы жота.

Географиялық орны

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қырғызстан аумағына қарасты жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2782 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 60 км-ге созылған, енді жері 25 км.

Геологиялық құрылымы

Негізінен тас көмір кезеңінен кристалдық тақтатасынан, гнейстен, кей бір тұсында жер бетінде шығып жатқан гранитоидтардан түзілген.

Рельефі мен су торабы

Жер бедері орта таулық, жалдары тегістелген, беткейлері тік, сай-жыралармен тілімденген. Шу-Іле өзендерінің суайырығы саналатын жотаның баурайынан Қастек, Қарақастек, Қарақоңыз және т.б. өзендер бастау алады.

Климаттық белдеулері

Жотада бірнеше ландшафтық-климаттық белдеулер байқалады:

  • тауалдының далалық қоңыр топырақты белдеуінде (800-1400 м) бидайық, тарғақшөп, бозшағыл, т.б. шөптесіндер өседі;
  • 1400-2600 м биіктіктегі шалғынды қара топырақты жерлерінде сирек орман өседі;
  • үстіртті-жонды белдеуінде (2600 м-дей биіктікте) доңызот, самалдық, байғұт, субальпілік шалғын өскен.

Жетіжол жотасының аралығында Жаңа Қастек асуы өтеді. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.

Жоғары