Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қима ауданы — 1970-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Жаңақима ауылы.

Қима ауданы

  • Басты бет
  • Қима ауданы

Қима ауданы — 1970-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Жаңақима ауылы.

Аудан
Қима ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Целиноград облысы, Торғай облысы

Енеді

11 а/к (1989)

Әкімшілік орталығы

Қима, Жаңақима

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

4 желтоқсан 1970 жыл

Таратылған уақыты

23 шiлде 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

9 197 адам (2009)

Қима ауданы, карта

Мазмұны

Тарихы

Аудан 1970 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әкімшілік орталығы Қима ауылында құрылды.

1988 жылғы 2 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Целиноград облысының құрамына енді.

1990 жылғы 17 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын қалпына келтіру туралы» Жарлығымен қайтадан Торғай облысының құрамына енді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604 «Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» Жарлығымен Қима ауданы таратылып, аумағы Жақсы ауданының құрамына енді.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 11 ауылдық кеңес пен 27 елді мекен болған:

Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері
Алғабас ауылдық кеңесі Алғабас ауылы Алғабас
Балталы ауылдық кеңесі Балталы ауылы Артықбай, Балталы, Меңдеш, Шұрымсай
Беловод ауылдық кеңесі Беловодское ауылы Беловодское
Есіл ауылдық кеңесі Трудовое ауылы Еркіндік, Қаракөл, Талдықора, Трудовое
Жаңақима ауылдық кеңесі Жаңақима ауылы Жаңақима
Запорожье ауылдық кеңесі Запорожье ауылы Запорожье, Новочудное
Ишим ауылдық кеңесі Ишимское ауылы Ишимское, Қазақстан, Қызылту, Монастырка
Кеңарал ауылдық кеңесі Үкі ауылы Амангелді, Жирен, Үкі
Қима ауылдық кеңесі Қима ауылы Қима, Тайпақ
Лозов ауылдық кеңесі Лозовое ауылы Донское, Лозовое
Терісаққан ауылдық кеңесі Казгородок ауылы Байжігіт, Казгородок, Көксай

Халқы

1979 1989
20271 ▲21110
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 26, 2026

    Ислам өнері

  • Сәуір 11, 2026

    Ақтөбе округі

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен сағасы

  • Сәуір 08, 2026

    Алтын миллиард

  • Сәуір 05, 2026

    Ақкөл (қала)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары