Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қобда ауданындағы Көксай ауылының солтүстік-шығысында 5 км, Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жерінен басталады. Орынбор облысының (Ресей) Покровка с

Қобда (өзен)

  • Басты бет
  • Қобда (өзен)

Қобда, Үлкен Қобда – Елек алабындағы өзен.

Қобда өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 225 км
Су алабының
ауданы
147000 км²
Су алабы Елек өзені
Өзендердің
су алабы
Жайық → Каспий теңізі
Су ағысы
Бастауы Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жері
 • Координаттары 50°05′10″ с. е. 56°12′19″ ш. б. / 50.08611° с. е. 56.20528° ш. б. / 50.08611; 56.20528 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Елек өзені
 • Координаттары 50°55′27″ с. е. 54°32′22″ ш. б. / 50.92417° с. е. 54.53944° ш. б. / 50.92417; 54.53944 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°55′27″ с. е. 54°32′22″ ш. б. / 50.92417° с. е. 54.53944° ш. б. / 50.92417; 54.53944 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан  Ресей (Орынбор облысы)
Аймақ Ақтөбе облысы Алға, Қобда аудандары

Мазмұны

Географиялық орны

Қазақстанның Ақтөбе ( Алға, Қобда аудандары) және Ресейдің Орынбор облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Қобда ауданындағы Көксай ауылының солтүстік-шығысында 5 км, Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жерінен басталады. Орынбор облысының (Ресей) Покровка селосы тұсында Жайық өзенінің саласы Елек өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 225 км, су жиналатын алабы 147000 км2. Алабында жалпы ұзындығы 133 км болатын 37 саласы бар. Ірі салалары: Ащықара, Қарақобда, Сарықобда, Тамды, Терісаққан, Сауқайың, Кіші Қобда, Итқырған (Ешкіқырған), т.б. Орта ағысындағы арнасы 200-250 м, аңғары бас жағында 3-4 км, жайылмасы 1,5-2, кейде 3 км. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қобда ауылы тұсында 5,5 м3/с. Суы тұщы, жер суғаруға, тоғанда құс, балық өсіруге пайдаланылады. Өзен өңірі жақсы шабындық, мал жайылымы.

Су реестрінің мәліметтері

Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы — Саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).

Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:

  • Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 12010000912112200008574
  • Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200857
  • Су алабының коды — 12.01.00.009
  • ГЗ томының нөмірі — 12
  • ГЗ бойынша шығарылуы — 2
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Әл-Жин сүресі

  • Сәуір 09, 2026

    Қорған облысы

  • Сәуір 03, 2026

    ҚБТУ ғимараты

  • Сәуір 07, 2026

    Тұғырыл хан

  • Сәуір 07, 2026

    Қарашай-балқар тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары