( бетінен бағытталды)
| Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 6 желтоқсан 1925 |
| Туған жері | қазіргі Павлодар, РКФСР, КСРО |
| Қайтыс болған күні | 23 қазан 2003 (77 жас) |
| Қайтыс болған жері | Қазақстан |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр, аудармашы |
| Белсенді жылдары | 1958-1983 |
Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар – 23 қазан 2003 жыл) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Білімі
- Алматы киноактерлер мектебін 1947 жылы бітірген.
- Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын 1958 жылы, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында бітірген.
Қызмет жолы
- Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды.
- 1990 жылы “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.
Фильмдері
Аударған фильмдері
- “Варяг крейсері”
- Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті.
- Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде
- “Автомобильден сақтаныңыз”
- “Гамлет”
- “Нақұрыс”
- “Король Лир”
- “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.
Түсірген көркем фильмдері
- “Даладағы қайың” (1957)
- “Мазасыз көктем” (1958)
- “Дауыл” (1959)
- “өмір жолы” (1960)
- “Алматы көктемі” (1962)
- “Найзатас бөктерінде” (1969)
- “Ақын арманы” (1986–1987, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері
Түсірген деректі фильмдері
- “Сераға” (1974)
- “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы)
- “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы)
- “Тер сіңген жер” (1991)
- “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.
Кітаптары
- “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.
Санаттар:
- 6 желтоқсанда туғандар
- 1925 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Павлодарда туғандар
- 23 қазанда қайтыс болғандар
- 2003 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- КСРО кинорежиссёрлері
- Қазақстан кинорежиссёрлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері
- Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері