| Қызылащы өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 46 км |
| Су алабы | Түндік өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Үлкен Айғыржал тауының солтүстік-шығыс баурайындағы бұлақтар |
| Сағасы | Түндік өзенінің оң жағы |
| • Координаттары | 49°14′37″ с. е. 76°36′20″ ш. б. / 49.24361° с. е. 76.60556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°14′37″ с. е. 76°36′20″ ш. б. / 49.24361° с. е. 76.60556° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы |
Қызылащы, Қонақай, Айғыржалөзек – Түндік алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км, жалпы ұзындығы 14 км болатын 5 саласы бар.
Бастауы
Бастауын Үлкен Айғыржал тауының солтүстік-шығыс баурайындағы бұлақтардан алып, Түндік өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Арнасының жоғарғы жағалауы жартасты, жарқабақты, орта ағысы жарлауытты, төменгі ағысы жазық келген. Арнасында жыл бойы су болады. Алабы мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Қарқаралы ауданы өзендері
- Ертіс су алабы