| Қызылжар тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Сарыарқа |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 14-15 км |
| Ені | 10-12 км |
| Биіктігі | 1043 м |
| Орналасуы | |
| 47°33′43″ с. е. 72°26′07″ ш. б. / 47.56194° с. е. 72.43528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°33′43″ с. е. 72°26′07″ ш. б. / 47.56194° с. е. 72.43528° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Қызылжар – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде орналасқан. Шажағай, Сарыбұлақ өзендері аралығында. Абсолюттік биіктігі 1043 м. Батыстан шығысқа қарай 14-15 км-ге созылып жатыр, ені 10-12 км.
Геологиялық құрылымы
Төменгі тас көмір кезеңі жыныстарынан түзілген. Гранитті, жалаңаш жақпартасты келеді.
Өсімдігі
Адыр, жыра-сайларындағы құнарсыз топырақта селеу, бетеге, көпек, жусан өседі. Беткейлері мал жайылымы.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Шет ауданы таулары

