| Қызылтұмсық шауқарға | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() P. p. barbarus | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Pyrrhocorax pyrrhocorax Линней, 1758 | ||||||||||||||
![]() Шамамен көрсетілген ареалы |

Қызылтұмсық шауқарға, тауқарға (лат. Pyrrhocorax pyrrhocorax) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларындағы жартастар арасын мекендейді, қысқа қарай өзен аңғарларына ойысады. Тұрқы 40 см, салм. 220 – 290 г, қауырсыны жылтыр, шымқай қара түсті.
Ересектері қызғылттау, имек тұмсықты, бұл олардың айқын белгілерінің бірі болып есептеледі. Балапандарының тұмсығы сары түсті. Отырықшы құс. Сәуір – мамыр айында жартас жарығын ұялап, 4 – 6 шұбар жұмыртқа салады. Оларды мекиені 18 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын мекиені мен қоразы ұяда 38 – 40 күндей, ұядан ұшқаннан кейін де ұзақ уақыт бойы бірлесіп асырайды. Өсімдік тұқымымен, жәндіктермен және тұт ағашының жидегімен қоректенеді. Тауқарға ағаш тұқымын айналаға таратып, пайда келтіреді.
- Қауіптен тыс түрлер
- Торғайтәрізділер