| Қыпшақ | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Өлшемі | 10,5 × 8,5 км |
| Ауданы | 47 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 37,2 км |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 3151 км² |
| Құятын өзендер | Қыпшақ, Аққошқар, Лизылысай |
| Орналасуы | |
| 50°08′41″ с. е. 68°22′55″ ш. б. / 50.14472° с. е. 68.38194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°08′41″ с. е. 68°22′55″ ш. б. / 50.14472° с. е. 68.38194° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудан | Нұра ауданы |
Қыпшақ, Әжібайсор – Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. Теңіз көлінің оңтүстік-батысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен 315,2 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Ауданы 47,0 км2, ұзындығы 10,5 км, ең енді жері 8,5 км, жағалық сызығының ұзындығы 37,2 км. Су жиналатын алабы 3151 км2. Көл жағалауы жайпақ, батпақты. Суы тұзды. Көлге Қыпшақ, Аққошқар өзендері құяды. Төңірегінің көпшілік жері жазда сорға айналады. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын мол жылдары Қыпшаққа Қарақойын, Лизылысай өзендері құяды да аумағы 64,7 км2-ге жетеді. Алабы – жайылым.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Нұра ауданы көлдері
- Нұра су алабы

