Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.
| Қыпшақ тілдері тобы | ||
|---|---|---|
| Жоғрапиялық таралуы: | ||
| Жаралу бойынша тектестіруі: | Алтай тілдері (controversial) Түркі тілдері Қыпшақ тілдері тобы | |
| Бөлікшелері: | Армян-қыпшақ† Параба Башқұрт Қырымтатар тілі Құман† Қарашай-балқар Қарайым Қарақалпақ Қыпшақ† Қырымшақ Құмық Ежелгі татар† | |
![]() | ||

Бөлікшелері
Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді :
- Батыс қыпшақ тілдері - құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі, ұрым тілі;
- Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі;
- Қыпшақ-ноғай тілдері - добруджа татар тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі.
- Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі.
Ерекшеліктер
Қыпшақ тілдері тобына басқа түркі тілдерінен айырмашылығы:
- дауыстылар саны 8 — 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады;
- ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн — құлын);
- созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау);
- сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл — полат, діл);
- б дыбысының орнына м қолданылады (бен — мен);
- сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол — жол (джол);
- кейбір қатаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.
Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (Қыпшақ жазба ескерткіштері)
Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 — 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру-тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 — 15 ғасырлар) әдеби, ресми тіл ретінде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қыпшақ Тілі Тармағы пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне айналған.