Қытай тарысы (лат. Sorghum chinense) – астық тұқымдасының құмай туысына шөп өсімдігі. Бұл маньчжур тарысы деп те аталады. Қытай тарысының сабағының ұзындығы 4 метрге дейін болады. Бұл азық-түліктік, жемшөптік маңызы зор дақылдың бірі. Қытай тарысының вегетациялық мерзімі — 100 күн шамасы, күннің тым жылы болуын онша керек етпейді. 1 гектар жерге 16—25 кг тұқым себіледі де, одан 25—50 ц дән түседі. Мұның бірнеше сорты бар.
Тағы қараңыз
Санаттар:
- Астық тұқымдасы
- Ауыл шаруашылығы
- Дәнді дақылдар