Құлжа Жолы – ежелгі керуен жолы. Бұл жол 19-20 ғасырларда Құлжа жолы деп аталып, қазіргі Ташкент, Тараз, Меркі, Бішкек, Тоқмақ, Алматы, Жаркент, Құлжа бағытымен өткен.
Тарихы және тармақтары
Орта ғасырларда Құлжа жолы екі тармаққа бөлінген:
- Бірі Тоқмақ, Суяб, Баласағұн, Баршынкент, Қарақол қалаларын, Ыстықкөлдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағындағы Шығу қаласын (Үйсін мемлекетінің астанасы) басып, Құмтеке, Ақбейіт, Сарыжаз, Текес, Сумбе елді мекендері арқылы Құлжа қаласына жеткен.
- Екінші тармақ Тоқмақ, Бішкек, Қарғалы, Талғар, Жаркент, Алмалы, Қорғас арқылы Құлжаға, оның бір бөлігі Талғардан Түрген, Қаракемер, Шелек елді мекендері арқылы Торыайғыр, Қулық тауларын асып, Кегеннен (қыстақ) Құмтекей қаласы арқылы бірінші жолға қосылған.
Санат:
- Сауда жолдары