Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бердібек ханды өлтірген өгей бауыры Құлпа болатын.Ол 1358 және 1359 жылдары Гүлістанда,Берке Сарайда,Азақ пен Хорезмде өз атынан ақша шығарады.Бұл Құлпаның Алты

Құлпа хан

  • Басты бет
  • Құлпа хан

Құлпа хан - Алтын Орда мемлекетінің 13-ші ханы.

Құлпа хан
Лауазымы
Алтын Орданың 13-ші ханы
қаңтар 1359 — маусым 1359
Ізашары Бердібек хан
Ізбасары Наурыз хан
Өмірбаяны
Әкесі Жәнібек
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Басқаруы

Бердібек ханды өлтірген өгей бауыры Құлпа болатын.Ол 1358 және 1359 жылдары Гүлістанда,Берке Сарайда,Азақ пен Хорезмде өз атынан ақша шығарады.Бұл Құлпаның Алтын Орданың көп бөлігін қолында ұстағанының дәлелі.Бір қызығы,дәл сол жылдарда және сол жерлерде Наурыз есімді екінші бір Алтын Орда тағынан үміткер өз атынан ақша бастырған.Ал алтынордалық ақсүйектер Құлпаның да,Наурыздың да Алтын Орда тағына келгеніне онша қуанған жоқ.Себебі,олар Жәнібек ханның заңды әйелдерінен тумаса керек немесе олардың аналарының Алтын Ордада айтарлықтай ықпалдары болмаған.Құлпа мен Наурыз бір мезгілде қатар билік еткен.Құлпаның билігінің әлсіздігін пайдаланып,Наурыз оның иелігін біртіндеп басып ала береді.Ақырында,Құлпа да,оның ұлдары да Наурыздың қолынан ажал табады.Бұл Алтын Ордадағы жағдайды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті.Елдегі ішкі тартыс 1360 жылдан 1380 жылдарға дейін,табаны күректей 20 жылға созылды.Құлпа мен Наурыз билікке келгеннен бастап ,1380 жылға дейінгі 20 жыл ішінде Алтын Орда тағына,зерттеушілердің есебінше 25-тей хан отырған.Олардың кейбіреуі,тіпті,империя астанасында билікті басып алуға қол жеткізді,алайда елді басқара алмады.Бұл әміршілердің ордалары бірде Ұлы даланың бір басынан, енді бірде басқа басынан көрініп тұрды.Мемлекеттік билік те бір жерден екінші жерге ауысып жүрді.Алтын Орда тарихындағы бұл кезең орыс жылнамаларында"Ұлы бүлік"деп аталады.Қазақта"нар мойыны Бердібек хан тұсында кесілген"деген сөз бар.

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қазақ Энциклопедиясы

  • Сәуір 07, 2026

    Ілбішін уезі

  • Сәуір 20, 2026

    Әскери жарғы

  • Сәуір 07, 2026

    Құбыр желісі

  • Сәуір 20, 2026

    Омар хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары