Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
| Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков | ||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 10 наурыз 1945 | |||||
| Туған жері | Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылы | |||||
| Қайтыс болған күні | 17 желтоқсан 2017 (72 жас) | |||||
| Қайтыс болған жері | Қазақстан Алматы | |||||
| Азаматтығы |
| |||||
| Мамандығы | актёр | |||||
| Белсенді жылдары | 1969- 2017 | |||||
| Марапаттары | | |||||
Өмірбаяны
Орта жүз Найман тайпасының Садыр руынан шыққан.
- 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген.
- Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
- Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін
- “Қыс – мазасыз маусым”
- “Ағам менің”
- “Ерекше күн”
- “Аққулар ұшып келеді”
- “Махаббат жаңғырығы”
- “Ағама арналған қалыңдық”
- “Қараша қаздар қайтқанда”
- “Провинциялық хикая”
- “Алаң шеті”
- “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
- Ол театр сахнасында
- Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов “Ана - Жер-Ана” мен “Ақ кемесі”)
- Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман - Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік-Кебек”)
- Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”)
- Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1976)
- Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”)
- Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”)
- Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”)
- Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”)
- Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.
Марапаттары
- 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
- 1982 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі
- 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі
- 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2008 жылы "Құрмет ордені"
- 2015 жылы "ҚР коститутциясына - 20 жыл" мерекелік медалі
- 2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Парасат ордені" мен марапатталды.
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.
