| Құрманбек Жандарбеков | |
2025 жылғы Қазақстан пошта маркасындағы Жандарбеков | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 7 қаңтар 1905 |
| Туған жері | |
| Қайтыс болған күні | 9 шілде 1973 (68 жас) |
| Қайтыс болған жері | Сайрам ауданы, Қазақ КСР, КСРО |
| Мамандығы | актёр, режиссёр, әнші, педагог |
| Белсенді жылдары | 1938–1968 |
Құрманбек Жандарбеков (7 қаңтар 1905, Сайрам ауданы, Түркістан облысы – 9 шілде 1973, Сайрам ауданы) — ресейлік және кеңестік әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі (1936).
Өмірбаяны
- Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
- 1918 жылы Ташкент педагогика училищесінде,
- 1928–1929 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімінде,
- 1948 жылы Мемлекеттік театр өнері институтында оқыған.
- 1926–1934 жылы Қазақ драма театрында,
- 1934–1944 жылы Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті.
- 1944–1948 жылы Қазақ опера және балет театрының көркемдік жетекшісі,
- 1953–1955 жылы директоры
- 1949–1952 жылы және 1956–1959 жылы бас режиссер,
- 1959–1961 жылы Қазақ драма театрының бас режиссеры болды.
- 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті (1970 жылдан проф.).
Шығармашылық қызметі
Жандарбековтың өнер жолы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алады.
- 1920 жылы Ташкент қаласындағы “Шығыс кештері” деп аталған мерекелік концертте 15 жасар бозбала Жандарбеков 1-бәйгені жеңіп алды. Ұ.Мұратбаев оның оқып, білім алуына, әншілік өнерінің қалыптасып, кең қанат жаюына көп жәрдем етті.
- Жандарбеков шығармаларының елеулі кезеңі 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдасқан тұңғыш қазақ кәсіби драма театрына келуінен басталды. Ол Қазақ драма театрының артистері С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы өкілдері тобына келіп қосылды. Жандарбековтың бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында оның тамаша образдар галереясын жасауына мүмкіндік берді.
- Алғашқы рөлі — М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Сырым(1926). Бұдан кейін
- “Еңлік — Кебекте” Кебектің
- “Бүліншілік” спектаклінде (Д.Фурмановтың шығармасы бойынша) жазушы Фурмановтың рөлін ойнады.
- 1926–1930 жылы режиссер ретінде Әуезовтің “Қарагөзін”, Н.Гогольдің “Үйленуін” (Қожамқұловпен бірге) және Ж.Шаниннің “Шахтасын” қойды.
- 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысты. Сондай-ақ, Жандарбеков қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (Қазақ опера және балет театры) іргетасын қалаушылардың бірі болды. Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Е.Г.Брусиловскийге көп көмек көрсетіп, тұңғыш қазақ операларының жазылуына ықпал етті. Ол Бекежан, Тарғын, Жалбыр (Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында), Тито (З.П. Палиашвилидің “Даисиында”), Ағаларбек (М.М.Магомаевтың “Наргизінде”), Готный (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Ямадари (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Санында”), т.б. партияларды орындап, актерлік, әншілік шеберлігін әр қырынан танытты.
Жандарбековтың үздік опералық партияларының бірі — “Қыз-Жібек” операсындағы Бекежан. Әнші Бекежанның қиыннан жол табар айла-тәсілдерін, өткір де қызба мінезі мен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сан түрлі бояумен ашып, әсерлі сомдады. Жандарбеков режиссер ретінде Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Гвардия, алға”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (КСРО Мемлекетінің сыйлығы, 1949), Ж.Бизенің “Кармен”, Қ.Қожамияровтың “Назугум” операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас (“Амангелдіде”, 1939), Қадырбай (“Жамбылда”, 1953), Садық (“Біз Жетісуданбызда”, 1958), Ережеп (“Өмір жолында”, 1959), т.б. рөлдерде ойнады.
1938 жылдан киноға түсе бастады:
- Жанас ("Аманкелдіде"),
- Қадырбай ("Жамбылда", 1952)
- Садық ("Оның заманы туадыда", 1957)
- Сары молда ("Біз Жетісуданбызда", 1958)
- Ережеп ("Өмір жолында", 1959) т. б.
Ол пед. қызметпен де шұғылданды (1949). 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды.
Фильмографиясы
- 1938 - Амангелді - Жақас
- 1952 - Жамбыл - Қадырбай
- 1957 - Оның уақыты келеді - Садық
- 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Сарымолда
- 1959 - Өмір жолында - эпизод
- 1960 - Сенің достарың - партия обкомының секретарі
- 1964 - Алдар көсе - Жаманбай
- 1966 - Менің арманым - эпизод
- 1966 - Қилы кезеңде - эпизод
- 1968 - Балалық шаққа саяхат - Бақшабай
Марапаттары
- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949)
- Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту
- “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.
- 7 қаңтарда туғандар
- 1905 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сайрам ауданында туғандар
- 9 шілдеде қайтыс болғандар
- 1973 жылы қайтыс болғандар
- Сайрам ауданында қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- КСРО кинорежиссёрлері
- Қазақстан кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша әншілер
- КСРО әншілері
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан театр режиссёрлері
- КСРО театр режиссерлері
- XX ғасыр театр режиссерлері
- XX ғасыр актерлері
- Қазақстан опера әншілері
- КСРО опера әншілері
- XX ғасыр опера әншілері
- КСРО музыка педагогтары
- XX ғасыр музыка педагогтары
- Баритондар
- Сталиндік сыйлықтың иегерлері
- Қазақстан халық әртістері
- Ленин орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
