Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ресми түрде 1891 жылы Орынбор қаласында ағайынды Ахмед (1837 — 1906), Ғани (1839 — 1902) және Махмуд (1839 — 1910) Құсайыновтардың қаржысына ашылған. «Хұсаиния»

Құсаиния медресесі

  • Басты бет
  • Құсаиния медресесі

Хұсаиния медресесі — жоғары дәрежелі оқу орны.


Ресми түрде 1891 жылы Орынбор қаласында ағайынды Ахмед (1837 — 1906), Ғани (1839 — 1902) және Махмуд (1839 — 1910) Құсайыновтардың қаржысына ашылған. «Хұсаиния» медресесінің 10 жылға есептелген бастапқы оқу бағдарламасында дүнияуи пәндер басым болды. Кейін діни пәндер күшейтіліп, оқу бағдарламасы 14 жылға созылды. Алғашқы 3 сыныбы — бастауыш (ибтидаи), одан кейінгі 4 сынып — орта (рушди), кейінгі 4 сынып — жоғары дәрежелі білім алуға әзірлейтін (иғдадия) және соңғы 3 жыл — жоғары (ғалия) бөлімі болды. «Хұсаиния» медресесінде әр жылдары Р.Фахретдин, М.Бигей, З.Қадыри, Ф.Кәрими, Ж.Уәлиди, Қ.Сағди секілді түрік білімпаздары сабақ берді. Орта есеппен 120 — 130 шәкірт білім алды. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, құмық, қарақалпақ ұлтының өкілдері оқыған. 30 жыл ішінде 2 мыңнан аса мұғалім тәрбиелеп шығарды. Хұсаиния медресесі 1919 жылы Құсайыновтар атындағы Мұғалімдер институты болып қайта құрылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 29, 2026

    Барсакелмес қорығы

  • Сәуір 23, 2026

    Ағаш өңдеу

  • Сәуір 18, 2026

    Қараөзен (ауыл)

  • Сәуір 28, 2026

    Наурызбай батыр

  • Сәуір 17, 2026

    Жабайы шошқа

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары