| Құсты | |
|---|---|
![]() Құсты өзені | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 44 км |
| Су алабының ауданы | 137 км² |
| Су алабы | Зайсан көлі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Маңырақ жотасының солтүстік беткейі |
| • Координаттары | 47°25′27″ с. е. 84°14′10″ ш. б. / 47.42417° с. е. 84.23611° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Зайсан көлі |
| • Орналасқан жері | Тұғыл кентінің тұсы |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы |
Құсты – Зайсан алабындағы өзен.
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 44 км, су жиналатын алабы 137 км2.
Бастауы
Бастауын Маңырақ жотасының солтүстік беткейінен алып, Тұғыл кентінің тұсында Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы бөлігінде өзен арнасы тар әрі тік жарлы болып келеді. 10 км-ге жететін 20-ға жуық саласы бар. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Суы мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Тарбағатай ауданы өзендері
- Ертіс су алабы
