Үлкен Балқан — Түрікменстанның батысындағы жота.
Узбой құрғақ арнасы арқылы Кіші Балханнан және Копетдаг жотасынан бөлінген. Ұзындығы 70 км, абсолюттік биіктігі 1880 м (Арлан тауы). Жота негізінен әктас пен құмтастан түзілген. Беткейлері, әсіресе тіктеу келген солтүстік беткейі ашық; жалаңаштанған; оңтүстік шатқалдармен тілімденген.
Санат:
- Түрікменстан таулары