Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Үшлік хан (т. ж. б. — 708) — 699 — 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі.

Үшлік хан

  • Басты бет
  • Үшлік хан

Үшлік хан (т. ж. б. — 708) — 699 — 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі.

Үшлік қаған
Лауазымы
Түргеш қағанатының 1-ші қағаны
704 — 706
Ізашары Мемлекет негізін қалады
Ізбасары Сақал қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 706 (0706)
Балалары Сақал қаған
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Басқаруы

Түргештер 6 ғасырдан бері Жетісудағы Шу мен Іле өзендері аралығын мекендеп, кейіннен Батыс Түрік қағанатының құрамына енген. Қағандықты қытайлар талқандағаннан кейін, бұл өңірлерде Ашина әулетінің Қытай берілген өкілдері билік жүргізді. 7 ғасырдың соңында болған Шығыс Түрік қағанаты мен Қытай арасындағы соғыстар және Қытайдың қол астындағы көшпелі тайпалардың көтерілістері нәтижесінде Жетісуда түргеш тайпалары күшейді. Үшлік ханның түргеш тайпаларының көсемі және Қытай үкіметі бекіткен тархан-кеңесші деген атағы болды. Ол 699 ж. Ашиналық Хусэлоны Жетісу ығыстырып, өзін хан етіп жариялады. Үшлік хан мемлекетте әкімш. реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды. Ол елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 әкімш. аймаққа бөлді. Хандықтың астанасы болып Шу бойындағы Суяб қаласы таңдалды. Үшлік ханның екінші жазғы ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік хан 8 ғасырдың басындағы Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. 708 жылға дейін Үшлік хан Жетісудағы барлық ұсақ тайпаларды бағындырып, әскер санын 200 мыңға дейін жеткізді. Ол 708 ж. қыс айларының бірінде қайтыс болған. Тағына үлкен ұлы Саға (Сақал) отырды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 11, 2026

    Шырын (қала)

  • Сәуір 10, 2026

    Нүкте (тыныс белгісі)

  • Сәуір 06, 2026

    Украин тілі

  • Сәуір 27, 2026

    Әлеуметтік география

  • Сәуір 03, 2026

    Орал облысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары