Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Үш паша (түр. Üç Paşalar) — Осман империясындағы 1913 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін елдегі барлық билікті өз қолына шоғырландырған үш жоғары лауазымды шен

Үш паша

  • Басты бет
  • Үш паша

Үш паша (түр. Üç Paşalar) — Осман империясындағы 1913 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін елдегі барлық билікті өз қолына шоғырландырған үш жоғары лауазымды шенеунік — Талғат паша (1874—1921), Әнуар паша (1881—1922) және Жамал паша (1872—1922). Бұл триумвират Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуына үлкен әсер етті және мемлекет аумағындағы христиан ұлттары — армяндар, ассириялықтар мен гректер геноцидінің басты ұйымдастырушылары болып саналады. Соғыстан кейін үш паша елден қашып, Германияда бас сауғалауға мәжбүр болды — әскери трибунал оларды өлім жазасына кесті. Әнуар паша Орта Азияда қызыл әскер сарбаздарымен болған қақтығыста қаза тапты (қазіргі Тәжікстан аумағында). Талғат паша мен Жамал паша армян халқына қарсы істеген қылмыстары үшін олардан өш алуға бел буған армян лаңкестерінің қолынан қаза тапты.

Әдебиет

  • Роган, Ю. Падение Османской империи: Первая мировая война на Ближнем Востоке, 1914–1920 гг. — Альпина Паблишер, 2018. — ISBN 9785961449747.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Ақжар ауылдық округі (Шығыс Қазақстан облысы)

  • Сәуір 08, 2026

    Әмудария бөлімі

  • Сәуір 07, 2026

    Алла Тағала

  • Сәуір 06, 2026

    Кванттық физика

  • Наурыз 13, 2026

    Күн жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары