Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ҰҚШҰ (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.
| Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы | |
| ҰҚШҰ | |
Эмблемасы | |
|
| |
| ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері | |
| Мүшелік: |
|
|---|---|
| Бірлескен штаб-пәтері: |
|
| Басшылары | |
| Ұйым түрі: | аймақтық халықаралық ұйым |
| Ресми тілі: | орыс тілі |
| Бас хатшысы |
|
| Бірлескен штабтың бастығы |
|
| Кеңес төрағасы | |
| Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қою | 15 мамыр 1992 |
| Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың күшіне енуі | 20 сәуір 1994 |
| ҰҚШҰ құру туралы шартқа қол қою | 7 қазан 2002 |
| ҰҚШҰ құру туралы шарттың күшіне енуі | 18 қыркүйек 2003 |
| odkb-csto.org | |
Кейіннен ҰҚК ұйымына Әзірбайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Келісім 1994 жылы 20 сәуірде ратификация процесі аяқталғаннан кейін, 5 жыл мерзімге күшіне енді. Келісімді тағы 5 жылға ұзарту жөніндегі Хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері 1999 жылы 2 сәуірде қол қойды.
Бұл Хаттамамен Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан Келісімнің мерзімін ұзартпады.
Мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру; орын алып отырған немесе ықтимал аймақтық немесе шағын қақтығыстардың алдын алу, шешімін табу; халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.
2002 жылы ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына өзгерді.
Самиттер тізімі
| Күні | Өткізу жері | |
|---|---|---|
| 1 | 15 мамыр 1992 | Өзбекстан,Ташкент |
| 2 | 6 маусым 1992 | Ресей, Мәскеу |
| 3 | 24 желтоқсан 1993 | Түрікменстан, Ашхабад |
| 4 | 10 ақпан 1994 | Қазақстан, Алматы |
| 5 | 25 мамыр 1995 | Беларусь, Минск |
| 6 | 3 қараша 1995 | Ресей, Мәскеу |
| 7 | 17 мамыр 1996 | Ресей, Мәскеу |
| 8 | 28 наурыз 1997 | Ресей, Мәскеу |
| 9 | 5 наурыз 1998 | Ресей, Мәскеу |
| 10 | 2 сәуір 1999 | Ресей, Мәскеу |
| 11 | 29 маусым 2000 | Ресей, Мәскеу |
| 12 | 25 мамыр 2001 | Армения, Ереван |
| 13 | 12 мамыр 2002 | Ресей, Мәскеу |
| 14 | 28 сәуір 2003 | Тәжікстан, Душанбе |
| 15 | 18 маусым 2004 | Қазақстан, Астана |
| 16 | 23 маусым 2005 | Ресей, Мәскеу |
| 17 | 23 маусым 2006 | Беларусь, Минск |
| 18 | 6 қазан 2007 | Тәжікстан, Душанбе |
| 19 | 5 қыркүйек 2008 | Ресей, Мәскеу |
| 20 | 4 ақпан 2009 | Ресей, Мәскеу (Кезектен тыс саммит) |
| 21 | 15 маусым 2009 | Ресей, Мәскеу |
| 22 | 10 желтоқсан 2010 | Ресей, Мәскеу |
| 23 | 12 тамыз 2011 | Қазақстан, Астана |
| 24 | 15 мамыр 2012 | Ресей, Мәскеу |
| 25 | 23 қыркүйек 2013 | Ресей, Сочи |
| 26 | 8 мамыр 2014 | Ресей, Мәскеу |
| 27 | 23 желтоқсан 2014 | Ресей, Мәскеу |
| 28 | 15 қыркүйек 2015 | Тәжікстан, Душанбе |
| 29 | 14 қазан 2016 | Армения, Ереван |
| 30 | 30 қараша 2017 | Беларусь, Минск |
| 31 | 23 мамыр 2018 | Қазақстан, Астана |
| 32 | 28 қараша 2019 | Қырғызстан, Бішкек |
| 33 | 2 желтоқсан 2020 | Видеоконференция ретінде жүргізілді |
| 34 | 16 қыркүйек 2021 | Видеоконференция ретінде жүргізілді |
| 35 | 10 қаңтар 2022 | Видеоконференция ретінде жүргізілді |
| 36 | 16 мамыр 2022 | Ресей, Мәскеу |
| 37 | 23 қараша 2022 | Армения, Ереван |
| 38 | 15 желтоқсан 2022 | Ресей, Санкт-Петербург |
Мүшелері
ҰҚШҰ қазіргі мүше-мемлекеттері:
| Мемлекет | Ену күні |
|---|---|
| Армения | 15 мамыр 1992 |
| Беларусь | 31 желтоқсан 1993 |
| Қазақстан | 15 мамыр 1992 |
| Қырғызстан | 15 мамыр 1992 |
| Ресей | 15 мамыр 1992 |
| Тәжікстан | 15 мамыр 1992 |
Парламенттік Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мемлекеттер:
- Сербия (11 сәуірден 2013)
- Ауғанстан (11 сәуірден 2013)
Бұрынғы мүше елдер:
- Әзербайжан (1993–1999)
- Грузия (1993–1999)
- Өзбекстан (1992–1999, 2006–2012)
Бас хатшылар
- Николай Николаевич Бордюжа (28 сәуір 2003 — 31 желтоқсан 2016), генерал-полковник;
- Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қаңтар 2017 — 13 сәуір 2017), генерал-полковник;
- Юрий Григорьевич Хачатуров (14 сәуір 2017 — 2 қараша 2018), генерал-полковник;
- Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қараша 2018 — 31 желтоқсан 2019), генерал-полковник;
- Станислав Васильевич Зась (1 қаңтар 2020 жыл — 23 қараша 2022), генерал-лейтенант.
- Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (23 қараша 2022 бастап)
